Астанада «АруАна» үздік әйелдер жобаларының конкурсы өтеді

Жаңалықтар
638

Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «АруАна» үздік әйелдер жобаларының конкурсы өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz


Бұл шараны ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы ұйымдастырып отыр.

Іс-шараның мақсаты – өңірлерде адамдардың өмір сүру сапасын және қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған неғұрлым маңызды және пайдалы жобаларды, бастамалар мен практикаларды анықтау және қолдау көрсету.

Конкурсқа Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдер қоғамдық бірлестіктері қатысады.

Конкурстық іріктеу аясында ел өңірлерінде масштабтаудың жоғары әлеуеті бар үздік әйелдер әлеуметтік жобалары айқындалады.

Конкурстық комиссия 2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында өтінімдерді қабылдау мен жобаларды іріктеуді жүргізеді.

Іріктелген жеңімпаз жобаны Ұлттық комиссияға жолдау мерзімі -2024 жылғы 22 ақпанды қоса алғанда.

Байқау бір кезеңде – өңірлік деңгейде өткізіледі.

Конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың өкілдері, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері қатарынан кемінде 5 (бес) адамнан құрылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім арнайы нысан бойынша (қоса беріледі) қағаз немесе электрондық нұсқада растайтын құжаттармен, фото және бейнематериалдармен қоса комиссияға беріледі.

Өтінімдерді көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған қатысушылар конкурсқа қатыспайды.

Комиссияға ұсынылған өтінімдер, құжаттар, фото және бейнематериалдар қайтарылмайды.

Конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттарды ескере отырып, отырысқа қатысатын барлық мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды:
• жобаның өзектілігі (1-ден 5 баллға дейін);
• жобаның әлеуметтік маңыздылығы (1-ден 5 баллға дейін);
• жобаның қол жеткізілген нәтижелері (1-ден 5 баллға дейін);
• жобаны қамту (1-ден 5 баллға дейін).

Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін (мүсінше) тапсыра отырып өткізіледі.

Өтінімді 2024 жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей қағаз немесе электрондық түрінде k.sarkenova@astana.kz мекенжайына ұсыну қажет.

Қоғам

Джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 мәрте әлем чемпионы Жібек Құлымбетоваға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жа...

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...