Шалғайдағы ауылда осы ғимараттың төбесінде ғана көк ту желбіреп тұрады. Бояуы күн көзінен өңіп, ақшы...
ӘРКІМ ҚОЛЫНДАҒЫҒА ИЕ
Бір пәшке ақын,жазушыға "Халықаралық Алаш әдеби сыйлығы" таратылыпты. Ащы тілді реніш айтылып жатыр.Визави, бұрын да болған, шулатқан. Сәл басылып, ойлансақ, үкімет 28 мың теңге төменгі жалақыны 41 мыңға көтереміз деді, миллиондар қарық болып қалды. Балаға жәрдемді 21 мың теңге жасаймыз деді, қатындар шулап мәре-сәре.Үкімет өз қолындағыға ие болып, осылайша ақша тарата алса,
Жазушылар одағының қолында Алаш сыйлығы бар. Сыйлық тарату - қатпарлы саясат. Сайлауда дауыс беретін, жайшылықта сөзін сөйлейтін, мысалы, Ұлыаға деп аласаның төбесін көкке тіреп қоятын нәзік жанды сыпайы шәкірт, дос керек.
Егер жоғарғы билік араласпағанда Нұрлан Оразалин бауырымыз төрағалық орнын біреуге оп-оңай бере салар ма еді. Жарғы талабына сай көпшілік дауыс алып отыра берер еді ғой... Билік алғаннан кейін Ұлыаға да өзінің қолындағысын шығарды. Бір жарқ ететін уақыты келді ғой. Жарқ етті. Дипломатиясы бары да сезілді. Төңірегіне бөтен болса да кейбір шатақ ауыздың аузын алу керегін де ескеріпті.
Атақ алғандарға марапаттары құт болсын. Ішінде Жүкел Хамайдың есімі көзіме оттай басылды. Талдықорғанда тұрғанымда бірде жыр мүшәйрасы өтті. Қазылар алқасында болдым. Ешкімді танымаймын. Сонда осы Жүкелдің өлеңіне бас бәйге бергіздім. Орталарында Әміре Әрін деген мықтылары әдетте бәйгенің үлкенін сол алады екен. Менің кесірімнен қалыптасқан тәртіптері бұзылып, сол күннен бастап Әміре көңіліне кек сақтап, маған ата жауындай қарап кеткен еді. Кейін Жүкелді бірер жерде бұрқырап жүргенінде көрдім. Бірақ оның өзім бәйге бергізген ақын Жүкел Хамай екенін білген жоқпын.
Мына алған марапаты оған әбден лайық. Шын жүректен құттықтаймын. Иә, солай, ағайын, әркім өз қолындағыға ие.