Дала тас қараңғы. Қаракер құнанын жайдақ мінген Жомарт көзұшында бұлдырай көрініп жылтылдаған не н...
Қытайда тұратын әдебиеттанушы-ғалым Әуелқан Қалиұлы дүние салды
Қытайлық қандасымыз, профессор, жазушы, аудармашы, Шыңжаң оқу-ағарту иниститутының бұрынғы ректоры, тіл маманы, әдебиеттанушы-ғалым Әуелқан Қалиұлы 83 жасында Қытайдың Үрімжі қаласында қайтыс болды.
Анасы Жәмиғамен
Әуелхан Қалиұлы 1939 жылы ҚХР аумағындағы Шыңжаң, Алтай аймағының Бурылтоғай ауданы Жетіарал ауылында дүниеге келген. Шыңжаң педагогикалық институтын бітірген. Сол институтта (1959-1978), Шыңжаң университетінде (1978-1995) сабақ берді. 1995 жылдан Шыңжаң оқу-ағарту институтының ректоры болған.
Шәкірттері арасында
Оның Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелерін зерттеуге арналған «Жазушылықтың негіздері», «Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы» секілді шығармалары жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытылған. «Қазақ ауыз әдебиетіне шолу» атты монографиялары және «Әдебиетіміз туралы кейбір ойлар» деп аталған ғылыми мақалалар жинағы, «Биіктеген там» әңгімелер мен эсселер жинағы, «Ауырлықты жер көтереді» пьесалар жинағы жарық көрді. «Қазақтың байырғы тұрмыс-салт жырлары» деген кітабы ағылшын тілінде жарияланған.
Жары Рухиямен
Әуелқан Қалиұлының өмірбаяны «Қытай оқу-ағарту мамандары», «Қытай мамандарының ірі сөздігі», «Қытай жазушыларының қысқаша өмірбаяны», «Қытайдағы қазақ мамандары», «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы», «XX ғасырдағы Қытай қаламгері» қатарлы көптеген ірі кітаптарға еніп, оның еңбектері кеңінен таныстырылған.