Қазақстан президенттігіне алғашқы кандидат - Сәдібек Түгел

Жаңалықтар
5131

22 сәуірде Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне алғашқы кандидат құжаттарын тапсырды. Оның аты-жөні - Сәдібек Түгел, - деп хабарлайды, madeniportal.kz Орталық сайлау комиссиясының сайтына сілтеме жасап. 

"ҚР сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес, 2019 жылғы 22 сәуірде Орталық сайлау комиссиясына ҚР Президенттігіне кандидат ретінде Сәдібек Түгелдің мына құжаттары ұсынылды: "Ұлы дала қырандары" Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органның ҚР Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынаың үзіндісі, Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші; өмірбаяндық мәліметтері; Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжаты, кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жоғарғы білім туралы дипломдарының көшірмелері; мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат ұсынылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Сәдібек Түгел - Ұлттық құндылықтардың ұлықтаушысы, зерттеушісі, Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті, "Ұлы Дала Қырандары" республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы. Түгел Сәдібек 1955 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келген.  Сәдібек Түгел Ұлттық Спорт саласында да айтарлықтай табыстарға қол жеткізген. XX ғасырдың 90 жылдары ҚР Ұлттық Ат спорты түрлерінің негізін қалады, алғашқы ережелерді жазды, жұмысын жетілдірген.  2004 жылдан бері ҚР Ұлттық Спорт Түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті, Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті. Ұлы Даланың атақты тұлпары Құлагерге ескерткіш салу идеясының авторы әрі негізгі ұйымдастырушысы. Қазір ол достарымен бірлесіп, дүниежүзінде теңдесі жоқ "Ұлы Дала Даңқы" мұражайын салуда. Сәдібек Түгел Астанаға арналған "Астана қаһармандары" - "Первопроходцы Астаны" атты жобаның авторы.


author

Сәді-Бек Түгел

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Абай облысында әскери қызметкерді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Үржар аудандық қорғаныс істері...

Жаңалықтар

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламен...