ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Асхат Аймағамбетов тек білім саласында ғана емес,...
Алдағы сайлау – қазақтардың қандай халық екенін анықтайды
Алдағы сайлау біздің – қазақтардың қандай халық екенін анықтайды. Біз ақылы бар халықпыз ба, әлде, ақылы жоқ ақымақ, қараңғы халықпыз ба? Алда көреміз.
Адамзат қоғамының тарихы ең әуелі бір адам басқару, одан бір топ адам басқаруға қарай, одан біртіндеп бүкіл халық басқаратын жүйеге – азаматтар өз дауысын, таңдауын өзі сенген тұлғаға шекті уақытқа беруге қарай дамыған барыстан тұрады. Бұл патшалық мемлекеттен республикалық мемлекетке жүріп өткен жалпы өркениеттің жолы.
Сайлау деген – Таңдау. Таңдау жасау қасиеті ақылды, өркениеттің көшінде өзін республика азаматы деңгейінде сезіне алатын баста ғана болады. Francis Bacon кезінде мынадай төрт түрлі ауруы бар халық ақылы жоқ, қараңғы, таңдау жасауды білмейді деген:
1. Ата-бабасы ақылсыз халық.
2 Философиялық таным жүйесі қалыптаспаған халық.
3 Этикалық нормасы қарабайыр халық.
4 Өтірікке сенгіш, өзін-өзі алдауға үйір халық.
Өткен отыз жылда біз бір ғана таңдау жасадық. Мұны таңдау жасады дегеннен гөрі, таңдау жасамады деген дұрыс шығар. Себебі, барлық қазақстандықтар бір адамдай ойлап бір адамға дауыс берді деу, өтіріктен басқа ештеңе емес.
Ал халық ретінде таңдау жасай алмасақ немесе таңдау жасауды білмесек, онда бұған дейін билік болып, халық болып өзімізді өзіміз сендіріп жүрген бірталай «ақиқаттың» сандырақ екеіне көз жеткіземіз.