Кеше әлемдік опера примадоннасы Бибігүл Төлегенова «Астана Опера» сахнасында өзінің 90 ж...
Тоқаев: Назарбаевтан ақыл-кеңес сұрауға ұялмаймын
1801
Мемлекет басшысы Назарбаевтан кейін президент болу қаншалықты қиын деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Sputnik ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жауапкершілікті түсінетінін, сол себепті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасуға ұялмайтынын айтты. Тоқаев билік транзитінің "қазақша" тәсілі осындай болатынын атап өтті. "Россия" арнасындағы "Вести недели" бағдарламасына берген сұқбатында Тоқаев жүргізушінің: " Нұрсұлтан Назарбаев сынды көшбасшыдан кейін Қазақстан президенті болу қиын ба?" деген сауалына жауап берді."Қиын, бірақ ең бастысы – жауапкершілік. Мемлекеттің тағдыры сенің қолыңда екенін түсу керек", - деді Тоқаев. Сондай-ақ, ол жауапкершілік болған жерде тәртіп болатынын атап өтті. "Менде біздің тұңғыш президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан ақылдасу мүмкіндігі бар. Кеңес сұраудан ұялмаймын. Қазақтарда билік транзиті осылай жүреді деп есептеймін", - деді мемлекет басшысы.