«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамын EXPO...
Марат Байділдәұлы "ПАГОНДЫ БАССЫЗДЫҚ"
Қазақстандағыполицияның жазалаушылық сипаты сонау патшалық Ресейдегі полицияның қуғындаушылығынан басталып, кеңестік милицияның жендеттік сықпытымен жалғасып жатыр. Кешегі 1-мамырда Қазақстан полициясының Алматы мен Астанадағы және басқа қалалардағы халық наразылығына қарсы көрсеткен есерсоқтығы олардың бетбейнесін түбегейлі сыпырды. Шет елдерде полиция бейбіт шеру кезінде халықты түрлі арандатушылықтардан қорғайды. Ал бізде полиция конституциялық тәртіптің емес биліктің қорғаушысына айналып кеткен. Халықтың полицияға деген үміті де сенімі де қалған жоқ.
Өз құқықтарын қорғаған жастарға күш көрсетуі, келтекпен ұрып-соғуы, ұр да жықтығы полицияны билікке қарсы наразылықтардың май құюшысына айналдырды. «От правды не убежишь» деген халықтық қағиданы, Ата заңымыздың 3 бабындағы «Единственным источником государственной власти является народ» деген конституциялық қағиданы баннерге ілген ұл-қыздарды қудалау, жазаға тарту әдетте еш нәрсемен ісі жоқ қалың жастар қауымының өзін саяси аренаға итеріп шығарды. Егер билік төңкерісі орын алатын болса оған басқа емес дәл осы полиция бассыздықтары себеп болары анық.
Марат Байділдәұлы