Қазақ халқының сүйікті ұлы Мейрамбек Бесбаевқа “даусы жоқ” деп баға бергені үшін халық а...
Қуандық Бишімбаев ақыл сұраған балгері туралы мән-жайды айтты
Фото интернеттен
Айыпталушы Қуандық Бишімбаев кезекті сот отырысында көріпкелдің Шымкентте тұратынын мәлім етті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұған дейін Қуандық Бишімбаев әйелі жан тапсырған сәттегі оқиғаны баяндап, жедел жәрдем шақырудың орнына балгерге хабарласқанын айтқан еді. Жәбірленушінің адвокаты Жанна Оразбахова балгерге қатысты сұрақтарын қойды.
Менің таныс балгерім бар еді. Мен «Салтанат оянбай жатыр, қарап көріңізші» дедім. Балгер маған «Ол қатты шаршаған және мас, кешке дейін ұйықтасын, сосын бәрі жақсы болады» деді. Мен балгерге «Бірнәрсе оқыңызшы, Салтанат тез жазылып кетсін» дедім. Сосын Бақытжан Байжановқа дәрі әкеліп бер дедім, - деген еді Қуандық Бишімбаев.
Оның айтуынша, балгермен біраз уақыттан бері таныс.
Балгер Шымкент қаласында тұрады. Бір-бір жарым жылдан бері таныспыз. Осы уақытқа дейін бизнесім бойынша хабарласып, ақыл-кеңес сұрайтынмын. Менің ойымша, оның айтқаны дәл келетін. Сондықтан Салтанаттың басындағы көгерген жері үлкейген соң, соны сұрайын деп оған телефон соқтым, - деді Қуандық Бишімбаев.
Сондай-ақ айыпталушы өзінің балгерге сенгенін қайталады.