Шұбартау жұрты «Горный» мектебіне Бегеш есімін бергізе алмай отыр

САЛТ-ДӘСТҮР
5251

Байқошқар- Бақанас, Балқыбек, Байқошқар атты үш өзеннің қиылысында,Үшқызыл тауының баурайында орналасқан, қазақтың қаймағы бұзылмаған ауыл. Табиғаты тамылжып, жасыл желекке оранған құтты мекен. Кезінде Абай Құнанбайұлының жаз жайлауы да осы төңірек болған. Ауыл аудан орталығынан жырақта жатыр: Аягөз бұл жерден 240 шақырым болады. Мұнда аузы дуалы атақты Бегеш шешен, қазақ жерін қалмақтардан қорғаған батыр бабамыз Нұралы жерленген. Сондай-ақ, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин, профессор, опера әншісі Бекен Жылысбаев, белгілі ақын Несіпбек Айтұлы туып -өскен киелі жер. Қазір ауылдағы 117 отбасында 500 -дей жан еңбек етіп, өмір кешуде. Рас, кеңестің дәуірлеп тұрған шағында тұрғылықты халықтың саны ауылда 1800- ге тақаған болатын. Дегенмен, урбанизация бұл жерді де айналып өтпеген. Ауылдағы 101 бала оқитын орта мектепте 26 ұстаз жас ұрпаққа дәріс береді. Мұндағы ауыл халқы осындағы Горный орта мектебіне Бегеш шешеннің есімі берілуін қалайды. Дәл осы жердің тумасы Бегеш Сабанұлы 1834 жылы дүниеге келіп,1911 жыл қайтыс болған. Абайдың тұстасы, үзеңгілесі, қимас досы болған жан. Абай сөзге де шешен, өзі де әділ Бегешті қатты құрмет тұтқан. Сондықтан да Абайдың: «Керей маған Бегешін берсе, мен Тобықтының игі жақсыларының бәрін берер едім» деген сөзі жұрт арасына кеңінен тарап кеткен.

Ауыл жұртшылығы Абайдың өзі талантына тәнті болған, құрмет тұтқан Бегеш шешенді кейінгі буынның да үлгі тұтуын мақсат еткендіктен, Горный орта мектебіне Бегеш Сабанұлының атын беру керек деп есептейді.

Берікқан Тайжігітов

Facebook-тегі парақшасынан

Жаңалықтар

Жамбыл облысында алаяқ психикалық ауруға шалдыққан әйелдің пәтерін сатып жіберген, деп хабарлайды&nb...

Жаңалықтар

Тараздағы №67 мекемеде адам өлтіргені үшін сотталған 36 жастағы әйел басқа тұтқыннан жүкті болып қал...