Бүгін кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат...
Мейрамбек Бесбаев сайлау туралы пікірін неге өшіріп тастады?
Танымал әнші Мейрамбек Беспаев өзінің Тоқаевтың штабында емес екенін айтты.
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев өзінің төртінші билік өкілдеріне деген ренішін білдірді. Отандық сайттардың бірнешеуі Мемлекет басшысының сайлау алды штабының сенімді өкілдерінің ішінде өнер майталмандарының бар екенін жазған. Сол тізімнен өз есімін байқаған әнші сыртымнан шешім шығарды деп сынға алды. Бұл жайында МузАрт тобының әншісі инстаграмдағы өз парақшасында жазды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" тілшісі.
«Мен ешкімнің штабына келісім берген емеспін. Сыртымнан шеше беретін болған ба? Мен өз таңдауымды сайлау кезінде жасауға құқылымын!!! P.s НұрКз алдымен біліп алып жазсаңдаршы!»,- деп жазды әнші.
Десе де, таңдауымды сайлаудың кезінде жасаймын деген әнші бұл жазбасын көп уақыт өтпей парақшасынан өшіріп тастады. Неге өшіріп тастағаны белгісіз. Қазақтың жүректі әншісінің осы әрекетін оқырмандар түсінбей дал болып жатыр. «Алдыңғы постыңызды неге өшірдіңіз аға?», «Ия буларда ишинен кайнап отыр,амалым канша деп, оширгенгой, скорее всего оширгизген», «Аға Тоқаевтың штабында емес. Қосановтың штабына келіңіз! Ринат ағамызбен бірге»,- деген оқырман пікірі бар.