Сәдібек Түгел: Сайлауалды бағдарламам ұлттық құндылықты ұлықтауға құрылған

СӨЗДІҢ АТАСЫ
3177

ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, танымал жазушы, қоғам қайраткері, ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелмен  сұхбаттасудың сәті түсті.


Сәдібек Түгел


- Сізді қоғам қайраткері, жазушы ретінде жақсы білеміз. Оның үстіне үлкен саяси додаға түсіп жатырсыз. Сайлауалды бағдарламаңызда да ұлттық құндылықтарды басты ұстаным ретінде алып отырсыз. Сіздің ұлттық ат спорты ойындарын дамытуға сіңірген еңбегіңіз туралы БАҚ беттерінен жиі кездестіреміз. Бүгін сайлауға қатысып отырған үміткер ретінде жазушылық қырыңызға да шолу жасап өтсек деп едік.

- 2004 жылы «Фолиант» баспасынан «Қайдасың қазағымның қазанаты?!», «Көк күмбезді Астана» атты қос кітабым басылып шықты. Содан бері, жиырма шақты еңбектер жазып үлгердім. Олардың он төрті кітап түрінде баспаханалардан басылса, қалғандары журналдарда, интернет сайттарда жарияланды. Ең мықты кітабым әлі алда деп санаймын. Ал, мен шығармашылық өмірімде қазанат тақырыбын көп зерттедім. Сондықтан да, қазанатқа арналған «Қазанат» кітап энциклопедиясын бағалы еңбек деп есептеймін. Ол кітап қазақ қоғамында «қазанат» ұғымын қалыптастыруға зор үлес қосты деп айта аламын. Жаңа Елордамыз-Нұр-Сұлтан қаласына арналған алты кітаптың авторымын. Соның ішінде, әрине «Алғашқы астаналықтар»-«Первопроходцы Астаны» және «Астана хикаялары» кітаптарының орыны бөлек. «Ертуған» повесім үш рет басылды. «Қазанат» төрт мәрте басылып, жарыққа шықты. Атбегілердің қолынан түспейтін дүние болды.

- Енді оқырмандарға өзіңіздің сайлауалды бағдарламаңыздың басты бағыттарымен таныстырып өтсеңіз?

- Сайлауалды бағдарламамның басты бағыттары: 

- Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

- Ұлттық салт-дәстүрлерді, ұлттық ат спорты ойындарын дамыту;

- Жемқорлыққа тосқауыл қою;

- Демография мәселесіне көңіл бөлу.

Осы бағыттар жайлы тоқталып өтсем. Мемлекеттік тілдің мәртебесін өз деңгейіне жеткізіп, толық қолданысқа енгізу. Мемлекеттік тілді білмейтіндер, мемлекеттік қызметке алынбауы тиіс. «Жемқорлыққа тосқауыл» бағыты бойынша жемқорлықпен күресті барынша пәрменді жүргізу. Менің ұсынысым: коррупциямен аяусыз күрес жүргізіп, «Жемқорлықты жою» - атты бүкіл қазақстандық қызу науқан өткізіп, шараның мерзімін 5 жыл деп белгілеу. 

«Демография мәселесіне көңіл бөлу» бағыты бойынша табиғи өсімге назар аударып, мемлекеттік қолдау көрсету. Қоғамда ана мен баланың мәртебесін биіктету қажет. Көп балалы аналарға жәрдем ақыны екі есе ұлғайтып, отбасында зорлық-зомбылықтарды болдырмауды қолға алатын кез келді. Жұмыс істейтін әйелдерге қолайлы жағдай жасау керек. Сонда сөз жоқ халқымыздың табиғи өсімі тез мезгілде өсетіні анық.

Төрт құндылықты түгендеген ұлт жанашыры, «Жер-жанымыз, тіл-тұғырымыз!»,-деп өскелең ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді мақсат тұтқан ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелге саяси додада сәттілік тілейміз!

 

Сұқбаттасқан: Дидар Оралбекұлы


* ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылдың 8 мамырдағы №31 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерге бөлінген республикалық бюджет қаржысынан төленді.



author

Сәді-Бек Түгел

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...