Бердібек Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?

ӘДЕБИЕТ
6620

Бердібек Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?Жадырап көктем туды. Қар қауырт еріді де, аз күнде төңірек қарайып, құрғап шыға келді. Мектептерде көшелерді көгертіп, ағаш отырғызу апталығы басталды. Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Орман болса тап іргеде тиіп тұр. Көшеге ағаш отырғызып, әуреленудің керегі қанша деп ойлады ол.

Бірақ жұрт бір кісідей жұмылып кіріскен істен Алмабек шетте қала алмады. Өз кластастарымен бірге тоғайға ол да барды. Бірнеше жас тал, терек, қайық әкеліп, басқалардың үлгісімен терезе тұсына тізіп отырғызды. Алмабек осымен істі тындыға санады. Өзгелер отырғызған ағаштарын суарып, түбін қопсытып, мәпелеп, күтумен болса, бұл онын бірін де істемеді.

Жаз шықты. Көктемде отырғызған ағаштар жапырақтары желкілдеп, бойлап өсе бастады. Солардын арасында Алмабек отырғызған ағаштар ешбір күтім көрмеген соң тамырланып кете алмай, шөгіп, шала-жансар жұтап тұрды.

Орманнан өздерімен бірге әкеліп отырғызған басқа ағаштардың айнала жамырап, жайнап өсіп келе жатқанын көргенде қуқыл тартқан ағаштар қапаланып, қайғыға батты. Ертелі-кеш самал желмен тербелген ормандағы кешегі еркін өмірлерін аңсап, бір-біріне мұңын шағып жылады. «Бұл халде тұра берсек, біраз күнде тамырымыз суалап, құритын шығармыз», – деп уайым шекті.

Бұл қайғылы хәлді самал жел өзен бойындағы орманға жеткізді. «Осындай да осындай, Алмабек деген алып барып отырғызған сіздердің туысқан шыбықтарыңыздың хәлі мүшкіл екен», – деп сыбдырлап, бұталарға айтып еді, ауыздарына сөз тұрмайтын бұталар оны сыбыр қағып талдарға, талдар қайыңдарға, қайыңдар дереу теректерге жеткізді. Сөйтіп, кең алқапты жалпағынан алып жатқан ну орман Алмабектің қылығын түгел естіді.

Бір күні Алмабек жолдастарымен бірге өзенге шомылуға келді. Олар шешініп те үлгірмеп еді, ауа райы күрт бұзылып, аспанды қара бұлт басып кетті. Азынап жел тұрды. Балалар сасқалақтап, үйлеріне қарай жүгіре жөнелісті.

Алмабек те жүгіріп келе жатыр еді, ағаштың жыландай ысылдап, майысқан бұтақтарының бірі кенет оның басынан кепкасын қағып, ұшырып жіберді. Ол жалт бұрылып, кепкасын ұстап алмақ болып еді, жолдастарынан адасып қалды. Ал кепка тоқтар емес. Ағаштын қалың ішіне қарай домалап барады. Алмабек әне жетем, міне жетем деп қуа берді. Балалар бұл кезде ұзап кетті.

Дәл сол уақытта адам айтса нанғысыз ғажап оқиға болды. Орман іші азан-қазан жаңғырып кетті. Түйе беліндей жуан бәйтерек майысып келіп, Алмабекті баса жаздап, жолына көлденеңнен тосқауыл бола қалды. Алмабек қорыққанынан шыңғырып жіберіп, кейін қарай жалт берді. Сол кезде тұс-тұстан:

– Ә, бәлем, Алмабек, қолымызға түстің бе? – деген ашулы дауыстар жамырап естілді.

Алмабекте ес қалмады. Ағашы аздау жермен жүгіріп өтпекші болып еді, ұзын ақ қайың жапырақтары жалпылдап, алдын тағы бөгей қалды. Алмабек кейін қарай жалт берді. Маңайдағы ағаштар су-су етіп, төніп келіп қалғанын көрді. Бірнеше солқылдақ көк шыбық жотадан шып-шып еткізіп, шарпып өтті.

– Сендерге мен не жаздым?! – деп Алмабек жылап жіберді. Сол кезде төбесі көк тіреген, көпті көріп, көп жасаған орман атасы кәрі еменнің гүжілдеген жуан даусы естілді:

– Сенің жазығың сол: біздің бірнеше жас шыбығымызды үйіңнің қасына отырғызбақ болып, қазып әкетіп едің, нағыз азап хәлге салып қойыпсың. Түбі босатылмай, қатып қалыпты. Тамыры суарып, қурап бара жатқан көрінеді. Осы қылығың адамшылыққа жата ма? Ағаштан көрген не жамандығың бар? Жайқалып өсіп тұрсақ, қыстақтың көркі емеспіз бе? Жаздыгүні ми қайнатқан ыстықта саямызда паналайсың. Қыстыгүні азынаған бораннан қорғаймыз. Астындағы орындығы мен алдындағы столын, қалам-қағазыңа дейін – бәрі ағаштан істеледі. Үйіңе қабырға болып та қаланамыз. Сен осыны неге түсінбейсің, неге бағаламайсың? – деді қарт емен.
Істің мәң-жайы Алмабекке әбден түсінікті болды.

– Кешіріңіздер. Кешіре көріңіздер! – деді Алмабек.

– Кешіруге болмайды! – Солқылдақ көк шыбық тағы да төніп қалып еді, қарт емен оны бұтағымен қағып тоқтатты.

– Жә, шошаңдамай, тұра тұр. Бала сөзін айтып болсын, – деді.

– Кешіріңіздер. Мен отырғызған ағаштарымды бүгіннен бастап мәпелеп, күтуге уәде беремін, – деді Алмабек.

– Жарайды, – деді қарт емен. – Олай болса, бар үйіңе!

Ағаштар түзеліп, бойларын жазды, Алмабекке жол ашты.

Алмабек үйіне келді. Дереу күрек алып, ағаштардың түбін қопсытты. Арықтан су әкеп құйды. Құрт түспес үшін ағаш діңінің түп жағын әкпен ақтап қойды. Аз күнде ағаштар қайтадан жанданды. Күзге салым кәдімгідей жапырақтары жайқалып, жетіліп қалды.

Бұл үшін өзен бойындағы ну орман Алмабекке ризашылық білдіріп, ол келгенде саясын тосып, шаттана сыбдырласып тұратын болды.

Жадырап көктем туды. Қар қауырт еріді де, аз күнде төңірек қарайып, құрғап шыға келді. Мектептерде көшелерді көгертіп, ағаш отырғызу апталығы басталды. Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Орман болса тап іргеде тиіп тұр. Көшеге ағаш отырғызып, әуреленудің керегі қанша деп ойлады ол.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...