Биыл Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының құрылғанына 20 жыл. Осыған орай аталған теле...
Тоқаевтың өмірбаяны туралы жаңа деректер шықты (фото)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны туралы жаңа деректер пайда болды. Президент жайында мектеп қабырғасында танысқан досы Андрей Антонеко"Комсомольская правда" басылымына айтып берді деп хабарлайды madeniportal.kz
Антоненконың сөзінше, ол Тоқаевпен мықты ұстаздар құрамымен және атақты түлектерімен танылған 25-ші мектепте білім алған.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі "Молодые побеги" қабырға газетін дайындауға қатысып, "Историческая победа" сынды мақала да жазған.
Одан бөлек, болашақ президент түрлі көрмелерде, олимпиада мен жарыстарда бой көрсеткен.
Көптеген сайыстарда алғашқы орындарды еншілеген Тоқаев "КСРО спорт шеберіне үміткер" де болған. Қазіргі президент жасөспірім кезінде музыкаға да қызыққан екен. Болашақ саясаткер бала кезінен алматылық "Жетіген" тобының музыканттары Сағынай Абдуллин мен Әлібек Дінішевпен дос болыпты. Мектеп қабырғасында Қасым-Жомарт Тоқаев "Кешіріңдер, жағдайлар сәйкес келмеді" деген сөздерді көп айтқан. Әсіресе, бұл жауапты қыдыруға шақырған достары көп естіген екен.
Антоненконың ойынша, Тоқаев бәрінен бұрын есейіп, өз уақытын білімге көп арнаған. Алайда, мектеп қабырғасында еш тентектік болмады деуге негіз жоқ. Себебі, олар кейде тақтаны сабынмен сүртіп, ұжымдық кештер ұйымдастырған