Орталық сайлау комиссиясы кешкі сағат 18:00-де қазақстандықтардың қанша пайызы дауыс бергенін мәлімд...
Сайлау бойынша сауалнама жүргізгендерге айыппұл салынады
4149
Жеке тұлғалардың сауалнама жүргізетін құқығы жоқ. Бірақ жекелеген БАҚ-тардың мұндай сауалнама жүргізетіні байқалады.
Алдағы президенттік сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалнамасын тек кемінде бес жыл жұмыс істеген заңды тұлғалар ғана өз жұмысы туралы ОСК-на алдын-ала ескерту арқылы өткізе алады. Қалған сауалнаманың бәрі заң бұзушылық болып саналады. Бұл туралы 8 мамырда ОСК отырысында ҚР бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев мәлім етті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Zakon.kz тілшісіне сілтеме жасап.
- Сауалнама жүргізу құқығы тек заңды тұлғаларға берілген, жеке тұлғалардың мұндай құқығы жоқ. Бірақ жекелеген БАҚ-тардың мұндай сауалнама жүргізетіні байқалады. Олар бойынша да әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қарастырылатын болды, – деген Дембаев мысал ретінде сауалнама жариялаған басылымдардың бірін көрсетті.
Нәтижесінде басылым иесіне қарсы әкімшілік іс қозғалған.