Билікшіл ҚКХП кезектен тыс президент сайлауына мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбековті үміткер ретінде...
Қазақстан 2023 жылғы Орталық Азия әйелдері диалогына төрағалығы аяқталады
4 желтоқсан күні Астанада БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылған «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясы өтеді.
Іс-шара аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының 2023 жылғы Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалығын қорытындылайды.
Жиынға Қазақстан мен Өзбекстан Парламенті палаталарының спикерлері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан парламентшілері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысады.
Қатысушылар Орталық Азия өңіріндегі гендерлік зорлық-зомбылықпен күресудегі және әйелдер құқықтарын қорғаудағы Парламенттер мен азаматтық қоғамның рөлін талқылайды, сондай-ақ гендерлік құқық саласындағы қолданыстағы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге қатысты заманауи сын-қатерлер мен өзекті мәселелерді қарастырады.
Анықтама: Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогы – аймақтағы әйел депутаттар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған бейресми алаң.
Диалог ресми түрде 2020 жылдың желтоқсанында басталды. Оған 2021 жылы Өзбекстан, 2022 жылы Түркіменстан төрағалық етті. Диалог БҰҰ-ның Орталық Азия елдері үшін превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) және БҰҰ Әйелдер ұйымының қолдауымен құрылып, жұмыс істеп келеді.
Өтетін күні мен уақыты: 2023 жылғы 4 желтоқсан, сағат 10:00-де
Өтетін жері: Гейдар Әлиев көшесі 14, «Hilton Astana» қонақ үйі, «Grand Ballroom» залы.
Аккредиттеу және басқа да сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласыңыз:
Баспа жарияланымдар - Нурбаева Фируза - 740535 (firuzanurbaeva@mail.ru),
телерадиоарналар - Хехнай Акмарал - 740469 (a.khekhnai@qogam.gov.kz),
интернет-ресурстар - Жолдасым Айдын Меирұлы- 740913 (a.zholdasym@mki.gov.kz)