Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабы өз жұмысын бата алумен бастады

САЯСАТ
4607

ҚР Президенттігіне үміткер  Сәдібек Түгел сайлауалды бағдарламасын таныстыруды елорданың кіреберісіндегі Құлагер ескерткішінің жанында жиналған Нұр – Сұлтан қаласы мен Шортанды ауданының құрметті ақсақалдарымен кездесуден бастады.  

 Биыл «Құлагер» поэмасының авторы Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толатын болса, осы ескерткіштің идеясының авторы әрі оны орнатқан ұлтжанды азамат Сәдібек Түгелдің де ақсақалдардың батасын алуға осында келуі жиналғандардың көңілінен шықты. 

«Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» демекші, бұған дейін де талай халықтың  қолдауына ие болған игі істердің бастауында тұрған Сәдібек Түгел ақсақалдармен кездесуінде өзінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі міндеттерге тоқталды. Жастарды  ұлттық құндылықтарды ұлықтау мен отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілді дамыту және халқымыздың мәдениеті мен салт- дәстүрін насихаттау тұрғысындағы ұстанымдарын жеткізді.

ҚР Президентігіне үміткердің атына еңбек ардагерлері Камеляш Шошай, Шайзанхан Құмария және Арыққара Қапи, мемлекет және қоғам қайраткері  Қыдырбай Нұрпейісов, Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер Алдаберген  Омарбеков  жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын берді. Құлагер ескерткіші - бұл елдік пен бірліктің белгісі десек, Сәдібек Түгелге жиналған жандар тарапынан айтылған ақжарма бата «Төртеу  түгел болса, төбедегі келеді» дегендей көңілге шуақ сыйлады. Кездесуге «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы, штаб жетекшісі Марат Нәбиев қатысты.

ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің баспасөз қызметі


Жаңалықтар

Жалақыны бірнеше рет заңсыз өсіргендер анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Мәліметтерге сүйе...

Жаңалықтар

Павлодар облысы Майқайың ауданында ағайынды бауырларды зорлап кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz...