Елімізде «Күйшілер одағы» бар екенін білесіз бе?

МУЗЫКА
1316

«Күйшілер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі 28.01.2019 күні Әділет министрлігінде ресми тіркеліп, осы жылдың 14 ақпан күні Қазақ ұлттық өнер университетінде алғашқы отырысы өткен болатын.

«Күйшілер одағы» РҚБ-нің төрағасы болып Рүстем Нүркенов сайланған. Рүстем Нұркенов - күйші, зерттеуші, өнертану ғылымдарының магистрі, ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, халықаралық, республикалық күйшілер байқауының лауреаты. Алғашқы отырысқа Астана қаласы филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері, күйші ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Парасат орденінің иегері Айтқали Жайымов, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбай, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Еділ Басығараев, күйші Сәрсенғали Жүзбай, ҚР Ұлттық гвардия оркестрінің мүшелері, күйшілер Бақытжан Дүйсенғазин мен күйші Әбілғазы Ахмадиев, күйтану саласында еңбек етіп жүрген музыкатанушы ғалымдар Гүлнар Альпеисова, Раушан Малдыбаева, Айгүл Байбек, сонымен қатар арнайы Солтүстік Қазақстан облысы мен Қарағанды облысынан да азаматтар қатысқан.

 

Одақтың мақсаты – күйшілер мен күйшілік өнерді насихаттап, күйшілерге кәсіби біліктілігін арттыру үшін шығармашылық орта қалыптастыру.

Одақ қызметінің мәні:

  1. күй мен күйшілік өнерді қазіргі ақпараттық және инновациялық технологияларды, БАҚ пен медиа мәдениетті пайдалана отырып сақтау, насихаттау;
  2. Бірлестік мүшелеріне шығармашылық потенциалын арттыру үшін жағдайлар жасау;
  3. күйшілер арасында шығармашылық байланысты нығайту;
  4. күйтанумен айналысатын ұйымдар мен тұлғалар қызметін біріктіру және үйлестіру;
  5. мемлекеттік қоғам институттарына мемлекеттік саясатты, мақсаттық және басқа да бағдарламалар мен жобаларды дайындау және жүзеге асыруда, күйшілік өнер саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге жәрдем ету;
  6. күй мен күйшілік өнерді насихаттауға арналған түрлі акциялар мен іс-шараларды ұйымдастыру;
  7. жастар мен жасөспірімдерге мәдени мұраны үйрету мен табыстау.

Одақтың келесідей құқықтары бар:

  1. қызмет жоспары мен бағдарламасын өз бетінше дайындауға және бекітуге;
  2. филиалдар мен өкілдіктер ашуға;
  3. мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға ұсыныстар енгізуге;
  4. өз қызметі барысында азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа түсуге;
  5. отандық, шетелдік мекемелер, ұйымдармен және олардың өкілдерімен өз қызметінің мәселелері бойынша іскерлік қатынасқа түсуге;
  6. мүшелердің іссапарлары мен тағылымдамаларын (оның ішінде шетелге) ұйымдастыруға,
  7. республикалық және жергілікті мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың ұсынысы бойынша олар берген материалдарға тәуелсіз сараптама ұйымдастыруға;
  8. Бірлестіктің әлеуметтік-экономикалық және басқа бағдарламалары мен жобаларын (оның ішінде коммерциялық негіздегі) мақсатты қаржыландыруды жүзеге асыруға;
  9. меншігіндегі ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, ақшалай қаражатты, құнды қағаздар мен басқа мүліктерді пайдалануға және иелік етуге;
  10. жарғылық міндеттерді орындау үшін қазіргі заңнамаға сәйкес шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге салымшы ретінде қатысуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға, қауымдастықтар мен одақтарға кіруге;
  11. өз атынан шарттар, келісімшарттар, келісімдер жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алуға және міндеттерді орындауға, теңге және шетелдік валютамен өз есепшоты болуға, сот органдарында талапкер және жауапкер болуға;
  12. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған тәртіпте басқа құқықтарды және кез келген қызметті жүзеге асыруға

 


«Күйшілер Одағының» мүшелігіне өту үшін ақпарат (басыңыз)



Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...