Мұстафа Өзтүріктің не дегенін білесіз бе?

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
3727

Өнер мен спортта жанкештілік болмай, ешқандай да жетістікке жету мүмкін емес. Осы орайда есімі исі қазақтың ұранына айналған Мұстафа Өзтүрік жайлы сыр шерткенді жөн көрдік. Ол былай дейді:

«…Бір ретте Қазақстан атынан халықаралық жарысқа шықтық. Сөйтіп біздің үш спортшымыз финалға өтті.

Бірақ жігіттердің: «Бізге екінші орын да жетеді. Әлгілер мықты, еуропа чемпиондары. Бастарыңды абайлаңдар», — деген әңгімелерін естіп қалдым да ыза болып кеттім.

Сонан соң ол үшеуін былай шығарып алып: «Сендер мұнда не үшін келдіңдер?! Маған және менің еліме екінші орынның керегі жоқ. Бірінші орын керек маған! Қазір финалдасыңдар. Жеңіліп қалсаңдар не беттеріңмен елге қайтасыңдар? Бұл жарыстан қалай да алтын аласыңдар. Алмасаңдар, Стамбулда көміп кетемін!» дегенде олар: «Өлтіреміз!» деді. Осыдан кейін екі шәкіртім алтын алды. Маңдайларынан сүйдім.

Ал әлгі жеңіліп қалған үшінші спортшымыз жоқ. Ары-бері іздедік. Сөйтсек, бір түкпірде жылап отыр екен. Мені көрді де: «Аға, кешіріңізші. Келесіде жасаймын, ендігіде жібермеймін» деді. Мен намысын қайрап: «Келесі деген енді болмайды. Әлде Қазақстанда басқа мықты спортшы жоқ деп ойлайсың ба? Бұдан былай келмейсің!», — деп едім, анау одан сайын өкіріп жылады.

Сонан соң: «Айналайын, елім, жерім деп жылағаның үшін рахмет. Сенің ішкі дүниеңді көріп, сезіп тұрмын. Сен чемпиондардың чемпионы боласың», — дедім…»

Медицина

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер салмағы небәрі 700 грамм болып туған нәрестенің өмірін сақтап қ...

Жаңалықтар

Бұл мереке 1997 жылғы 24 қарашада Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін педагоги...