Артур Конан ДойлРождествоның үшінші күні мерекемен құттықтау үшін Шерлок Холмсқа барғам. Үстіне қызы...
Жаңа бастаған жазушыларға кеңес
– Жаңа бастаған жазушыларға айтар кеңесіңіз?
– Ең бірінші, жазушысың ба, жоқ па – соны түсін. Себебі өздерін ғаламат талантты санайтын қаншама адамдардың өмірі құрдымға кеткен, өйткені талант жоқ еді. Олар жазуды жалғастыруға тырысады, бірақ соңы трагедиямен аяқталады.
Мен жазу үшін бәрін тастап, бірақ онысынан ештеңе шығара алмаған адамдарды білемін. Қаламдарынан жақсы туынды шықпаған сайын, олар жазуды үдете түсті. Бұл өздері үшін де, отбасылары үшін де апат еді. Сол үшін, ең бастысы өз күшіңді анық біл, өзіңді әділ бағала. Жазуды бастаған кезде қолыңнан бірдеңе кеп жатыр ма, жоқ па оны да ажырата алу керек. Бұл жерде өзімшілдік зиян келтіреді, жазушы шамасын білу керек. Жақсы жазғаныңды, нашар жазғаныңды сезе алсаң – жақсы. Содан кейін әдебиеттен өзің не қалайсың? Көп адамдар атақ пен ақша үшін әдебиетке келеді, ол екеуін де әдебиет сирек беретінін естен шығармау керек. Бүгін көп жазушының аты белгісіз, дүниеден қанша жазушы өтті ештеңеге қолы жетпей, ал біз тек таңдаулыларын ғана оқып жүрміз.
Егер сіз мол гонарар мен көп тиражға жеткіңіз келсе, кең танылған бір жанрды таңдауыңыз керек. Мүмкін фэнтези, детектив, махаббат романдары. Сосын сол бағытта шыңдала бер.
Батыс елдеріндегі университеттердің журналистика факультеттерінде студенттерді салмақты дүние жазумен қатар бульварлық басылымдарға да жазуды үйрететінін білетін шығарсыз.
Ақша әкелетін әдебиет те сондай.
Және тумысынан, болмысынан өзгеше жазушылар бар, нағыз таланттар деңіз. Олар еркін әрі тұтқын. Олар не жазғысы келсе, соны ғана жазады және жазу барысында атақты да, ақшаны да ойламайды. Ол туралы әбден жазып болған соң ғана ойлануы мүмкін. Пушкин айтпақшы: «шабыт сатылмайды, бірақ қолжазбаны сатуға болады».
Владимир Войновичтің сұхбатынан