Ар намысын сақтап жүрген тұмар қып,Бұлар ырыс, ошағыңда болар құт.Арулардың балқытады жан-тәнін,Анал...
Мырзан Қайғыны тағы да талайық
Мырзан Кенжебай: Сын әдебі дегеніміз екі ғасыр бойы ауызды ашқан сайын ұлы Абай, ұлы Мұхтар Әуезов деп екі адамды аяғын жерге тигізбей мақтап, олардын кемшілігін, кемшілігін ғана емес ұлтқа, ұрпаққа кереғарлықтарын жасыру, яғни, айтпау емес. Жүрегі жарылып кететіндердікі жарылып кетсе де тағыда айтайын: Абай орыстың қазақты иттен жаман қорлап жатқанын күніге көзімен көріп отырса да бұл туралы не өлеңдерінде, не қара сөздерінде бір ауыз үн шығарған емес. Ал М.Әуезовтың "Абай жолында" ол әкесі Құнанбайдың жағасынан алып, елдің әруақты ақсақалдарымен айтысып-тартысып жүрген біреу. Олай жазбаса Мәскеу М.Әуеэовке Мемсыйлық пен Лениндік сыйлықты бере салмайтын еді. М.Әуеэовтың осындай кемшіліктерін оның замандастары сол кезде талай айтқан. Ал қазіргі үлкен-үлкен қаламгерлер ондай әңгімені өзара күңкілдеп қана айтады да баспасөзде не фейсбукта айтсақ, небір көрсоқырлардың өзі Мырзан Қайғыны талағандай итше талайды деп қорқады. Оны қазекемдер ауызбіршілік, бірлік, татулық деп ойлайды. Осылай дамымай, құрып бара жатқанын да білмейді.
Абдрахман Мамашұлы: Мырзеке, айтқаныңызда шындық бар, бірақ тым қызбаланып кеткендейсіз. Дәл осылайша әр адамның кемшілігін тізбелей беретін болсақ қазақта бірде-бір абыройлы тұлға қалмайтыны анық! Ел керемет деп мақтаған адамдардың бәрінің соңынан еріп жүрген әңгімелер жетерлік. Нәтижесінде біреудің кемшілігін айтамыз деп өзімізді дарынсыз ұлт деп дәлелдеп шығуымыз анық. Ал сонда одан сіз бен біз не ұтамыз? Абай атамыз орыстың жауыз саясатын көрді, бірақ ұлы адамдарын да көрді, яғни орыстыңда озық ойлы адамдары бар екенінін біліп олармен достасты. Орыстың зұлымдығынан құтылудың ең дұрыс жолын да көрсеткен Абай болатын, яғни ғылым-білімді игеру арқылы орыспен терезе теңестіруге болатынын жеткізе білді. Ал, М. Әуэзовқа келетін болсақ қилы замандарды басынан өткеріп жүріп осыншама еңбек қалдыруы құрметке лайық деп ойлаймын. Мемлекет деген үлкен машина, оның саясатына қарсы тұру оңай іс емес. Тіпті көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған батыр Бауыржан көкемізде сол саясаттың жетегінде кетіп қалды.
Әрбір тұлға өзіне жүктелген басты міндетін дұрыс атқаруға тырысқаны анық.
Абай атамыз қазақтың сөзін түзеді, сол арқылы санасын түзетуге де ықпал жасады. Кемшіліксіз адам жоқ, егер кімде-кімнің жақсы ісі жаман ісінен басым болса ондай адамды жақсы деп қабылдауға тырысуымыз керек екен.
Бірақ кісі өлтіргендер мен өзгенің өміріне қиянат жасағандардың бұл тұжырымға қатысы жоқ.
Жақсымызды асырып жаманымызды жасыра білсек біздерді өзге жұрттар да жақсы деп қабылдайды деп ойлаймын.
Момбек Абдакимулы: Не болса да, Мырзанның шырылында шындық бар. Мен өз ұлтын жамандап өлең мен пайым жазған басқа халықтың бірде-бір ұлы ақынын да, жаман ақынын да көрмеппін. Оқымаппын, естімеппін.
Мырзан Кенжебай: Абдрахман Мамашұлы! Қазақты осы бір жақсысын асыр, жаманын жасыр деген нағыз кесапатты мақал құртып келеді. Бұл ешкімнің кемшілігін, яғни, ақиқатын айтпа, тек мақтай бер деген сөз. Өз халқына бұл мақалдан өткен ауыр қастандық жоқ. Ондай мақалдарды сол Абайыңның өзі сынаған сөздерін білетін шығарсыз. Ал Абай заманында қазаққа ғылым-білім үйретпек түгіл кешегі Кеңес үкіметі орнап жатқан шақтың өзінде орыстың 90 пайызға жуығы әріп танымайтын сауатсыз болған. Ал қазақтың 55-60 пайызға жуығы арапша жазу, сызу біліпті. Қазақтар сол кездің өзінде араб, парсы, үнді сияқты шығыс әдебиетінен мол хабары болған. Ал М.Әуезовке келсек: мына орыстарыңның, яғни, Ресейдің өзі кеңес заманындағы М.Горький, А.Твардовский, А.Фадеев т.б. сияқты кемеңгер жазушыларының көбін мектеп оқулықтарынан жаңа заман ұрпағының тағылым, тәрбиесіне сай келмейді деп алып тастады. Қазекемдер ғана бірер адамнан пайғамбар жасап алады да енді оған ғасырлар бойы шаң жуытпайды. Бұл ұлттық ақыл-ойдың дамымауының басты себебі. Ал тағы да талаңдар!
Абдрахман Мамашұлы кешіріңіз!Талаңдар деген сөзді Сізге емес, ешнәрседен мол хабары болмаса да ,тіпті сол Абайды да, Әуезовті де жарытып оқымаса да орта жолдан қосыла кететін, онысымен тұрмай ішін жершілдік ауруы жайлап алған талағыштарды айттым.
Мырзан Кенжебайдың фейсбук парағынан алынды