Балаларды қорғау күні қарсаңында Елордадағы Жетісу саябағында «Менің атым Қожа» филіміні...
Google корпорациясы Huawei компаниясының Android-ты қолдануына шектеу енгізді
Reuters - АҚШ үкіметі Huawei компаниясын қара тізімге енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін Google компаниясы аталмыш кәсіпорынмен бизнес-байланыстарын үзді. Бұл туралы "Мәдениет порталы" Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Google компаниясының ресми өкілінің айтуынша, бұл шешімнің Huawei бұған дейін сатқан смартфондарына қатысы жоқ. Олар бұрынғыдай Google қосымшаларын жүктеп, оларды ұдайы жаңарта алады.
«Біз бұйрыққа сәйкес әрекет етіп, оның салдарын зерделеп жатырмыз. Google Play қосымшасы Google Play Protect қорғанысы қолданыстағы Huawei құрылғыларында жұмыс істей береді» - дейді ресми өкіл.
Мұндай қадам Huawei компаниясына Қытай аумағынан тыс жерлерде смартфон өндіру бизнесіне кедергі келтіруі мүмкін. «Huawei-дің алдағы уақытта шығатын Android-та жұмыс істейтін смартфондары Google Play Store, Gmail және YouTube сияқты танымал ресурстарын аша алмайды. Huawei үшін Android-тің тек жалпыға арналған жүктемелері ғана қолжетімді болады», делінген Reuters ақпаратында. Еске сала кетсек, 16 мамырда АҚШ Президентінің әкімшілігі Huawei Technologies Co Ltd компаниясын қара тізімге кіргізген болатын.