Абай облысы Үржар ауданында 44 жастағы имам бала қағып кетті. 11 жастағы мектеп оқушысы ауруха...
Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығына арналған концерттің тосынсыйы болды
Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған концерттің құрметті қонағы болды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы". Ақтөбе қаласына 150 жыл толды. Мәдени-спорттық шаралармен қатар танымдық кездесулер де ұйымдастырылды.
Кешкілік Тұңғыш Президент атындағы саябақта "Ән тербеткен - Ақтөбем" республикалық авторлық әндер байқауының гала-концерті мен марапаттау салтанаты өтті. Қатысушыларға қойылатын басты талап - авторлық ән және Ақтөбеге арналған туынды орындау. Мәдени шараға Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан 32 өтінім келіп түскен. Бас жүлдені "Құтты мекен Ақтөбем" әні алды. Жеңімпазға 1 миллион теңге берілді. Әншілердің бәрі де гала концерт кезінде шырқады. Ал 150 жылдыққа арналған басты мерекелік шарада Қанат пен Света Айтбаевтар, Мирас пен Құралай Бекжановтар, Венера Алпысбаева, Жадыра Апыстанова, Асхат Тарғын, Есет Сәдуақасов ән айтты.
Ақтөбеліктер асыға күткен басты қонақ әнші Димаш Құдайберген болды.
"Ақтөбеліктер, жерлестер, қала қонақтары Ақтөбенің 150 жылдығымен құттықтаймын. Осы күнге куәгер болып, алдарыңа келуге сәті түскені үшін қуаныштымын. Мереке құтты болсын! Өнер майталмандарына құрмет көрсетіп жатқан облыс әкімдігіне алғыс айтамын. Кішігірім сыр шерткім келіп тұр. Ақтөбеге бірер күн бұрын келдім. Осы күнге арнайы жоспарланған болатын. Мен ұстаздарыма алғыс айтамын. Сәті түссе алдағы уақытта үлкен концертіммен келгім келеді", - деді Димаш.
Оған "Ақтөбе қаласына 150 жыл" төсбелгісі берілді.