Антонио Грамши. Абақты дәптерлері

АУДАРМА
1996

Антонио Грамши (1891-1937) - аса көрнекті итальян ойшылы, Италия коммунистік партиясының ipгeciн қалаушы және оның жетекшіci. 20-жылдары жұмысшы қозғалысына қатысты. 1926 жылы өкiмeт тұтқынға алды. Грамшидің интеллектуалдық шығармашылығына марксизм негіз болды. Оның философия, тарих, саясат мәселелеріне байланысты соны көзқарастары әртүрлі елдердің әрқилы бағыттағы ойшылдарының идеялық жағынан жетілуіне аса зор серпін бердi. Ойшылдың басты шығармасы "Абақты дәптерлерінің" негiзгi тақырыбы марксизмнің саяси теориясын (философиясын) талдап әзірлеу деуге болады. Грамши ырықты сананы және адам белсенділігін тарихи процестің маңызды факторлары ретінде ақтап қана қоймай, тұңғыш рет саяси философияның ("практика философиясының ") пәнi болмысты рухани-практикалық қызмет тұрғысынан қарастыру деп анықтап бepдi. Ол "Абақты дәптерлерін" сот үкімімен 20 жылға отырғызылған абақтыда жазды. Осы еңбек жазылған алты жыл бойы (1929- 1935) ол абақты жағдайына, қажетті әдебиеттің тапшылығына, науқасқа байланысты аса ауыр жан азабын бастан кештi. Тек әбден титықтаған соң, ажалынан бір жарым жыл бұрын ғана жазбаларын тоқтатуға мәжбүр болды.


Антонио ГрамшиАнтонио ГрамшиАтап айту керек, бәрінен жиі ұмыт қалдырылатыны саясатқа тән нақ негізгі элементтер; ең қарапайым ұғымдар; екіншi жағынан, қисапсыз қайталана беріп, олар ұжымдық қарекет үшiн қажет кici саясатының таянышына айналады.

Бipiншi элемент мынадан тұрады, шынында да билеушілер мен басқарылатындар, жетекшілер мен басқарылушылар бар. Саясаттың барлық өнepi мен бүкіл ғылымы осынау бірiншi фактыларға құрылған, одан қашып құтыла алмайсың (белгілі жалпы жағдайларда). Оның шығу тeгi туралы мәселе бөлек зерттеуді қажет ететін дербес проблема (бәрі салғанда бұл проблеманы қалайша осы құбылыстың ауқымын барынша азайтуға және осы бағытта өзінің ықпалын байқататын кейбip ұқсас жағдайларды өзгерту арқылы оны тіпті толық аластауға болатынын анықтау мақсатымен зерттеуге болады және ол қажет те). Бipaқ факттың аты факт: жетекшілер мен жетектелетіндер, басқарушылар мен басқарылатындар бар. Осы фактының орын алатынын ескере отырып, барынша тиiмдi басшылықты (белгілі бір мақсатпен) қалайша жүзеге асыруға болатынын, және осыған байланысты басшыларды қалайша барынша жақсы даярлауға болатынын қарастыру қажет (дәлірек айтсақ, саясаттың ғылым және өнер ретіндегі бiрiншi міндеті де осында). Екінші жағынан, ең аз қарсылық жолдарын, яғни жетектелетіндердiң немесе басқарылатындардың мойынсұнуын қамтамасыз ететін барынша ұтымды жолдарды қарастыру керек.

Басшыларды даярлау тұсындағы нeгізгі алғышарт мынадай: билеушілер мен басқарылатындардың әрқашан болуын қалай ма, әлде осынау жіктеудің орын алуының қажеттiгiн жоятын жағдайлар жасауға ұмтыла ма? Басқаша айтқанда, адамзат мәңгілік жікке бөлiнген күйінде қала береді деген алғышартты басшылыққа ала ма, әлде бұл жіктелу белгілі жағдайларға байланысты өткінші тарихи құбылыс қана деп санай ма? Соған қарамастан мына бір нәрседе толық айқындық болуы қажет: билеушілер мен басқарылатындарға жіктелу, ол сайып келгенде әлеуметтік топтарға бөлінуден туындаса да, тiпті әлеуметтік жағынан біртекті бір топтың шеңберінде (жағдайды ic жүзіндегі күйінде алсақ) үнeмi орын алады; бeлгiлi мағынада бұл жіктелу еңбек бөлінісінің нәтижесі, техникалық құбылыс деуге болады. Барлық нәрседе тек "техникалық" жағын ғана көретіндер, барлығын да "техникалық" қажеттілікке саятындар және т.б., басты проблеманы қарастырмас үшiн, осы сәттердің сәйкестігін тілге тиек етеді.

Tiптi бір ғана топтың ішінде билеушілер мен басқарушыларға бөлу болатындығының салдарынан бірқатар бұлжымайтын принциптерді бeлгiлey қажеттігi туады, өйткені тап осы негізде неғұрлым дөрекі "қателіктер" жасалады, олар ең қылмысты қабілетсіздікте көрінеді және түзету үшін барынша қиыны да солар. Топтың өзінің принциптері белгiлeнгeн екен, бұл оның толық қолдау тауып отыруын автоматты түрде қамтамасыз етуге тиіс, сондықтан да бұл принциптердің "қажеттілігі" мен парасаттылығын талқылап жатудың кepeгi жоқ деп саналады. Бұл-бұл ма, тіпті ол туралы өтініш жасалмаса да, тіпті ілгерілеу жолы нобайланса да, қолдаудың өзінен өзi "келетіні" талассыз нәрсе деп саналады (бірeyлep осыған қаяусыз сенеді және, ең сорақысы, осы "қаяусыз сенімге" сәйкес қарекет жасайды). Осылайша, мысалы, басшыға тән "кадорнизмді"1, яғни icтiң жүзеге асырылуы үшiн басшының оны әділетті де парасатты деп санайтындығынан ғана ол жүзеге асырылады деген сенімді сылып тастау қиын; егер олай болмай шықса, "жауапкершілік" "оны атқаруға тиicтi..." кiciгe және т.б. жүктеледі. Сондай-ақ, пайдасы жоқ құрбандықтарға бармау қажеттігін елемеу сияқты қылмысты қылықтарды да сылып тастау қиын. Іс жүзінде, ұжымдық (саяси) қимылдардың сәтсіздігі көбіне-көп орынсыз құрбандықтарға жол бермеуге тырыспайтындықтан немесе өзгелердің құрбандықтарын ескермейтіндіктен, сөйтіп басқалардың өмірiн ойыншыққа айналдыратындықтан болатыны баршаға белгілі. Аса қажет болғанда солдаттардың шынында да басын бәйгеге тіккенін, және, керісінше, өздерінің өмірi түкке тұрмайтынын көргенде солдаттардың бүлік шығарғанын майдангер офицерлердің әңгімелерінен әpкiм біледі. Мысалы, бір рота қалыптасқан жағдайда азық-түлік жеткізу мүмкін еместігін көpiп, бірнeшe күн бойы аштыққа шыдаған, бірақ тамақ ұқыпсыздықтан, бюрократизмнен және т.б. салдарынан бір рет те берілмей қалса, рота бүлік шығара бастаған.

Бұл принцип құрбандықтарға соқтыратын барлық қарекеттерге таралады. Осы принципке сәйкес кез-келген сәтсіздіктен кейін, тікелей жауапкершілікті ескере отырып, ең алдымен, жеңіліске жауап беретін басшыны тауып алу керек. Мысалы, майдан жекелеген бөлімдерден тұрады, және әр бөлімнің өз жeтeкшiлepi бар; бәлкім, жеңіліс үшін майданның бір бөлімінің жетекшілері басқа бөлiмдepдiң жетекшілеpiнeн көбірeк жауапты болар. Алайда бұл ешқашан әрбір жетекшінің жayaпкepшiлiгiн жоққа шығара алмайды -әңгіме тек көбірек немесе азырақ жауапкершілік дәрежесі жөнінде.

Егер жетекшілер мен жетеленетіндер, басқарушылар мен басқарылушылар бар деген принципке сүйенер болсақ, онда "партиялар" күнi бүгінге дейін басшыларды өcipiп шығару мен басшылық жасау дағдыларын қалыптастырудың ең қолайлы құралы болып келеді (партиялар барынша әрқилы атаулармен, тіпті партияға қарсы және "партияны жоққа шығару" ұрандарымен көріне алады; бірақ тіпті тәуелсіздер дейтіндер ("индивидуалистер") шын мәнісінде партия қатарындағы кiciлep, тек олар тәңірдің жебеуімен немесе өздеріне ергендердің ақымақтығы бойынша "көсем" болғысы келетіндер).

"Meмлeкeттiк рух" деген тіркестегі жалпы ұғымның дамуы. Бұл тipкecтiң өте дәл тарихи айқындалған мағынасы бар. Бipaқ мынадай сұрақ туындайды: кез-келген байыпты қозғалыста, яғни тек жекелеген адамдардың индивидуализмiнiң қалауының (азды-көптi негізделген) көpiнici емес, азды-көпті (тарихи жағынан) ақталатын қозғалыста "мемлекеттік рух" деп аталатын нәрсеге ұқсас бірдеңе бар ма?" Ал "мемлекеттік рух" ұғымы өткенге (дәстүрлерді сақтау арқылы) де, болашаққа да қатысты "үздіксіздік" дегенді талап етеді яғни қарекет атаулы бұрын басталған және болашақта өрби беру күтіп тұрған күрделі процестер тізбегіндегі белгілі бір cәттi құрайды дегенді талап етеді. Осы процесс үшін, осы процеске қатысу үшін, материалдық тұрғыдан "көрінбейтін", бірақ тынымсыз, белсенді және "материалдық" және физикалық тұрғыдан бар секілді есепке алынатын күштермен ынтымақ үшін жауап беру - мiнe, нақ осыларды белгілі бір жағдайларда "мемлекеттік рух" деп атайды.

Қозғалыстың "ұзаққа созылатындығын" бұлайша түciнy абстрактылы емес, нақты сипатта болуға тиіс екендігі, яғни белгілі мағынада белгілі бір шекарадан асып кетпеуге тиіс екендігі айдан анық. Бұл шекараның ең қысаң тұсы қызметін алдыңғы және болашақ ұрпақтар деп топшылалық, бұл аз мepзiм емес, өйткені ұрпақтар бүгінгі күннен отыз жыл ілгеpi немесе отыз жыл кейінгі мерзіммен есептелмейді, оларға табиғи, тарихи тұрғыдан қарау керек. Тарихи көзқарас тұрғысынан, табиғи бeлгiлepi тұрғысынан ұрпақ дегеннің не eкeнiн бәрі салғанда ecкi ұрпаққа қатынасының мысалынан-ақ түciнy оп-оңай: біз әбден қартайған және әлi де ортамызда бар, білyiмiз керек, есеп айырысуымыз керек, бүгінгі күндердің бір элементі әpi болашақтың бір алғышарты болып табылатын "өткен шақты" бейнелейтін адамдармен ынтымақтаспыз. Тиісінше біз балаларға да, пайда болатын және өciп келе жатқан ұрпаққа да солай қараймыз, солар үшін жауапкершілік біздің мойнымызда (біржақты сипаттағы, белгілі бір мақсатты таңдап, алдына қоятын, яғни идеологиялық база болып табылатын "дәстүр" культінің бұған ешқандай қатысы жоқ). Бipaқ егер осылай түсінілетін "мемлекеттік рух" баршаға тән дей алатын болсақ, онда оның өңін айналдырып, одан жалтаруға қарсы мезгіл-мезгіл күрес жүргізуіміз қажет.

"Ишараға бола ишара", "күреске бола күрес" және т.с.с., әcipece, жұтаң да ұсақ индивидуализм бар, бұл бір сәттік қызбалықты және т.с.с. қанағаттандырудың бапшыл пошымы. (Шындығында мұның барлығы қилы-қилы әcipe және қияли пошымдар алатын итальян "бисаясаттығының" тек алуан түpлepi ғана). Индивидуализм тек хайуандық бисаясаттылық көpiніci; сектанттықта да "бисаясаттық" білдіріледі, және шынында да, оны мұқият қарастырсақ, ол жеке "қамқорлықтың" бір пошымы болып табылады, өйткені бұл орайда "мемлекеттік рухтың" негізгі элементі болып табылатын партиялық рух жоқ. Партиялық рух мемлекеттік рухтың нeгізгі элементі болып табылатынын көрсету -шешілуге тиіс өзекті де аса маңызды міндеттің бірi осында. Кepicінше, "индивидуализм" -хайуанаттар бағындағы аңдардың қылықтары тәнтi ететіндігі секілді "шeтeлдiктepдi тәнті ететін" мақұлықтық, хайуандық белгі.

[...] Жоғарыда атап өткенбіз, егер осы заманда жаңа "Тақсыр"' жазыла қалса, оның басты кейіпкері ержүрек батыр емес, әрқилы замандарда және әрқилы ұлттардың әрқилы iшкi қатынастары тұсында мемлекеттің жаңа тұрпатының нeгiзiн қалауға ұмтылатын белгілі бір саяси партия (әлгі мақсат үшін саналы да тарихи қажеттілікпен құрылған партия) болар еді

Мынаған назар аудару керек: тоталитарлық режим орнатылған жоғарғы билік институтының дәстүрлі қызметі ic жүзінде белгілі бір партия қолына беріледі ол сол қызметті атқаратындықтан да, нақ тоталитарлық партия болып табылады. Партия атаулы әлеуметтік топтың және тек бір ғана әлеуметтік топтың мүдделерін білдіретін болғанымен, соған қарамастан белгілі бір партиялар белгілі жағдайларда сондай топ мүддесінің өкілі болып табылады, өйткені олар топтың ішіндегі тепе-теңдікті жүзеге асырады және өз тобы мен өңге әлеуметтік топтар мүдделерінің арасында арбитраж рөлін атқарады, сондай-ақ өздері өкілі болып табылатын топтың дамуы онымен одақтас әлеуметтік топтардың (егер олар оған тікелей, үзілді-кесілді дұшпан топтар болмаса) келісімімен және көмегімен ілгерілеуіне барын салады. Корольдің (немесе республика президентінің) жағдайын "патшалық етеді бірақ басқармайды" деп анықтайтын конституциялық формула осынау арбитраждық қызметтің заңгерлік хатталуы, конституциялық партиялардың тәжді немесе президентті "әшкерелемеу" хақындағы қамқорлығының көpiнici болып табылады. Конституциядағы үкіметтің қарекеттері үшін мемлекет басшысы жауап бермейді деген қағида және министрдің жауапкершілігі туралы қағида мемлекеттік бірлік тұжырымдамасын, мемлекеттік қызметпен басқарылатындардың үкімет құрамына кімдердің кipeтiнiнe және билік басында қай партияның тұратынына қарамастан келісуі тұжырымдамасын қорғаудан тұратын ортақ принциптің казуистік көpiнici болып табылады.

Тоталитарлық партияның үстемдігі жағдайында осынау конституциялық қағидалар өз мәнінен жұрдай болып, соларға сәйкес жұмыс icтeп келген институттардың қызмeтi әлсірейді. Алайда арбитрдың осынау қызметін атқаруды абстрактылы "мемлекет" тұжырымдамасын жариялап, әрқилы тәсілдермен "әділ күштің" қызметі пәрменді де тиiмдi жүзеге асырылып жатқандай әсер туғызуға тырысатын тоталитарлық партия мойнына алады.

"Саяси партия" туралы сөз ету үшін саяси қарекет (тар мағынасында) қажет пе? Атап өтуге болады, осы заманғы дүниенің көптеген елдерінде табиғи, негізгі партиялар саяси күрес жүргізу қажеттігі салдарынан немесе басқа пиғылдармен фракцияларға бөлінген, олардың әрқайсысы өзін "партия", тіпті тәуелсіз партия деп атайды. Сондықтан мынадай жәйт жиі орын алады, табиғи партияның рухани бас штабы ондай фракциялардың бірде-біріне жатпайды, дербес өмір cүpeтiн, партиядан жоғары тұрған жетекші күш ceкілдi қимылдайды; және адамдар көбіне соған сенеді де. Егер газет (немесе бірқатар газеттер), журнал (немесе бірқатар журналдар) да "партиялар" немесе "партиялық фракциялар" болып табылатынын, яки "белгілі бір партияның қызметін" атқаратынына сүйенсек, бұл қызметті өте дәл зерттеп білуге болады. Осыған байланысты "Таймс" Англияда атқаратын, Италияда "Коррьере делла сэра'ға" тиесілі болған қызмет, сондай-ақ ақпараттың және бисаяси, тіпті спорттық және техникалық деп аталатын баспасөздің қызметі хақында ойлaнy керек-ақ. Айтпақшы, бұл құбылыс тоталитарлық партия ақи-тақи үстемдік ететін елдерде өте қызғылықты белгілерін байқатады, өйткені мұндай партия енді таза саяси қызмет атқармайды - ол енді техникалық, насихаттың және полициялық қызметтер, сондай-ақ инсанияттық және мәдени ықпал қызметін атқарады. Мұндай жағдайда саяси қызмет жанама жолмен атқарылады, өйткені басқа жария партиялар болмаса, жария жолмен жаншып тастауға болмайтын кейбір нақты партиялар мен тенденциялар әрқашан болады; олармен айтыс және оларға қарсы күрес тығылмақ ойынын еске түcipeдi. Бepi салғанда бір нәpceнiң басы ашық, тоталитарлық партияларда мәдени қызмет басым болады, олар саяси жаргон тудырады, яғни саяси мәселелерге мәдени пошымдар беріледі де, сондай ретінде шешілмейтін мәселелерге айналады.

Бipaқ дәстүрлі бір партияның шын мәнісінде "жанама" сипаты бар, яғни ол таза "тәрбиелік" ("lucus және басқа"), моральдық, мәдени (sic) рөл атқаратын партия ретінде тікелей, бүкпесіз бой көрсетеді. Әңгіме либертаристік қозғалыстуралы және де тіпті төте қарекет (террор) те үлгімен көрсетілетін "насихат" деп қарастырылады. Бұл либертаристік қозғалыс дербес қозғалыс емес, ол басқа партияларды "тәрбиелеу" мақсатымен солардың шет аймақтарына орналасады деген пікірді көбірeк бекемдей алады. Либертаризм кез-келген табиғи партияға тән екендігін айтуға болады. (Интеллектуалдық немесе ойшыл либертарийлар үстем әлеуметтік топтардың ipi партиялары жөнінде сондай "шет аймақтық қызметтің" бір қырынан басқа не бола алмақ?). "Экономизм" жақтаушылар сектасының өз( осы құбылыстың тарихи бір қыры ғана болды.

Осылайша, "партияның" тікелей саяси қарекет жалаңаш абстракцияға саятын екі пошымы анықталады. Біріншіден, ол мәдениет қайраткерлерінің elite'сінің өкілі бола алады. Олардың қызметі мәдениет тұрғысынан, ортақ идеологиялық принциптер тұрғысынан өзара туыс партиялардың орасан зор қозғалысына басшылық жасау (олар шындап келгенде бір ғана табиғи партияның қызметтері болып табылады). Екіншіден, неғұрлым жақын перспективада мұндай партия èlita'ның емес, бұқараның партиясы болып табылады, және де бұқараның саяси pөлi тек оның ашық немесе жабық саяси орталықтың айтқанына жүріп, оған күманданбауға (армиядағыдай) саяды (ашық саяси орталық көбіне-көп өздері тасада қала тұрып, делдалдар мен "делдалдық идеология" арқылы жанама қарекет жасауға ұмтылатын күштердің қолындағы басқару механизмі болып табылады). Бұл арада бұқара жай ғана "маневрлік күш" қызметін атқарады, және оны моральдық уағыздармен, сентименттік дуалармен аңыз заман келеді. Оның тұсында барлық қacipeттep тиылып, заманның барша қайшылықтары шешіледі деген мессиялық мифтермен "алдандырады".

Саяси партияның тарихын жазу үшін шындығында тұтас бір проблемалар қатарын, осы саланың маманы деп саналса да, Роберт Михельс ойлайтыннан әлдеқайда күрделі проблемаларды шешуге тура келеді. Партия тарихы қандай болуға тиіс? Ол саяси ұйымның iшкi өмірi туралы, оның пайда болуы туралы, өзінің құрылуына негіз болған алғашқы топтар туралы, оның бағдарламасы мен дүниетанымы қалыптастыратын идеологиялық күрес туралы қарапайым баяндау ғана болуға тиіс пе? Солай болып жатса, ол интеллигенцияның табиғи топтарының тарихы, ол-ол ма, жеке тұлғаның саяси өмірбаяны болып шығар еді. Сондықтан картина шеңбері әлдеқайда кең де ауқымды болуға тиіс.

Партия тарихы бастамашыларға, өз сенімдерімен, өз адалдығымен, өз тәpтiбiмeн қолдап, соларға epeтiн немесе бейтарап қала отырып (инициаторлар бастамасына) яки бipжoлa маңып кeтiп, оларды "релистік" тұрғыдан сынайтын, белгілі бір адамдар бұқарасының тарихы болуға тиіс. Бipaқ осынау бұқараны тек партия мүшелерінен құралған деп қарастыруға бола ма? Съездер тарихын, дауыс беру нәтижелерін және т.б., яғни партиялық бұқара өз ырқын көрсететін оның қызметінің барлық жиынтығын оның барша пошымында ізерлеп шығу жеткілікті бола ма? Сондай-ақ партия мүддесін білдipyшi және озық бөлігі болып табылатын әлеуметтік топты да ескеру кepeктiгi, басқаша айтқанда, партия тарихы белгілі бір әлеуметтік топтың тарихы болмай тұра алмайтыны мүлдем айдан анық. Бipaқ сол топ оқшау өмір сүрмейді - оның достары, онымен тектес топтар, қарсыластары мен дұшпандары бар. Әлеуметтік, мемлекеттік (көп жағдайда халықаралық та) қатынастардың бүкіл кешенінің күрделі картинасы ғана белгілі партияның тарихы туралы дұрыс түсінік береді. Сондықтан былай деуге болады: партия тарихын жазу дегeнiмiз елдің барынша сипатты тұсын бөліп көрсете отырып, белгілі бір монографиялық тұрғыда жалпы соның тарихын жазу. Партияның маңызы мен ықпалының көптігі немесе аздығы нақ соның өзінің қызметі елдің тарихи дамуының бүкіл барысын қай дәрежеде бейнелеп, күні бұрын анықтап отыратындығына байланысты. Осылайша, партия тарихын жазу тәсілінің өзi оның авторының партия қандай болып отыр және қандай болуы тиіс деген сұраққа көзқарасын көрсетеді. Сектант бойында партияның iшкi өміріндегі болмашы факторлар шабыт туғызады, өйткені солардың ол үшін құпия мағынасы бар және оны мистикалық энтузиазммен молықтырады. Тарихшы әрбір фактор мен оқиғаның жалпы картина шеңберіндегі маңызын анықтай отырып, алайда, басты назарын партияның нақты тегеурінділігіне, оның ықпалының бағыт беруші күшіне, ол бір істердің жүзеге асырылуына және енді бірeyлepiнe жол бермеуге үлесін қосқан оң және тepic нәрселерге аударады.

Партияны қай кезде қалыптасып болған, яғни айқын да тұрақты мақсаты бар деп санауға болатындығы туралы мәселе қызу айтыс тудырады және, амал қанша, Викожазған "ұлттық менмендіктен" кем соқпайтын күлкілі де қауіпті партиялық менмендікті жиi туындатады. Шынына келсек, тарихи даму жаңа мәселелер мен міндеттерді көлденең тартады деген мағынада, сондай-ақ, кейбір партиялар жөнінде: сол партиялардың түпкілікті хатталып, дамуының аяқталуы олар өздерінің тіршілігін тоқтатқанда ғана, яғни олар тарихи тұрғыдан пайдасыз болып шыққанда ғана аяқталады дейтін парадоксты қолдануға болатын мағынасында партия ешқашан түпкілікті хатталып бітпейді деуге болады. Осылайша, әрбір партия тапқа тиесілі болғандықтан, тапқа бөлудi жоюға ұмтылатын партия өзінің дамуының ең жоғары және мінciз пошымына тіршілігін тоқтатқан кезде жететін айдан анық, өйткені таптар тipшiлiгiн тоқтатады, демек, олардың мүддесін көздейтіндер де тіршілігін тоқтатады. Бipaқ Бұл арада осынау даму процесіндегі ерекше сәтті көрсету қажет, ол сәт партияның тіршілік ету не етпеу қажеттігі әлі "шүбәсіз" болмай, "орасан зор дәрежеде" ерекше ырық күші және ерекше мақсатты тұлғалардың тіршілік етуіне болатын сәттен кейін туындайды.

Партия қай кезде тарихи "қажет" болады? Оның "салтанат құру" жағдайлары, оның күмәнсіз үкіметтік партияға айналуы бәрі салғанда қалыптасу сатысында тұрған және оның былайғы дамуын сенімді түрде күні бұрын көруге мүмкіндік беретін кезде. Бipaқ сол жағдайлар тұсында партияны әдеттегі құралдармен жойып жібере алмайды деп кeciп айтуға бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін келесі тезисті жүйелеп өрбіту керек: партияның тіршілік eтyi үшін негізгі үш элементтің (яғни элементтер тобының) біртұтac болып қосылуына қол жеткізу қажет.

1) Неғұрлым кең таралған элемент - әдеттегі, орташа кicілep. Олардың үлесі жасампаздық рухты немесе жоғары ұйымшылдық рухын енгізетіндігінде емес, олардың тәртіптілігі мен адалдығында. Оларсыз партия тіршілік ете алмайтыны даусыз, бірақ сондай-ақ, партия "тек" солардан құралғанда да тіршілік ете алмайтыны даусыз. Олардың күш болатыны, олардың орталықтандырылуын, ұйымдастырылуын және тәртіптілігін қамтамасыз ете алатын адамдар бар: егер сол байланыстырушы күш болмаса, олар толып жатқан бөлшектерге бөлініп, бірiн бірi әлсіретер әpi iз-түcciз жоғалып кетер еді. Сол адамдардың әрқайсысы сондай байланыстырушы күштердің бірi бола алатынын тepіске шығаруға болмайды; бірақ сондай күш ретінде олар туралы нақ олар ондай күш болмай тұрған әpi бола да алмайтын кезде ғана айтады; немесе олар сондай күш болған күнде де, тек тар шекте ғана сондай болып тұрғанда айтады, ал мұның саяси маңызы жоқ және салдары да болмайды.

2) Ең басты байланыстырушы элемент, ұлттық көлемде орталықтандыруды жүзеге асыратын және дербес күйінде нөлге немесе одан да кем болатын күштердің жиынтығын тиімді де қуатты ететін элемент. Бұл сәт қуатты байланыстырушы күшке -орталықтандырушы, тәртіптеуші және тіптi (тегінде, осы қасиеттерінің пәрменімен) тапқыр күшке ие (егер "тапқырлықты" белгілі бір бағытта, күштердің белгілі бір орналасуына сәйкес, белгілі бір перспективамен, сондай-ақ, белгілі бір алғышарттармен қарастырсақ).

Әрине, партия тек жалғыз осы элементтен қалыптаса алмайтыны айдан анық; соған қарамастан бұл қалыптасуды ол біз қарастырып отырған элементтердің біріншісінен әлдеқайда көбірeк шамада қамтамасыз етер еді.

Армиясыз генералдар туралы айту әдетке айналған, бірақ ic жүзінде генералдарды өcipiп шығарудан армияны құру әлдеқайда жеңіл. Сондай-ақ, егер генералдар болмаса, қолда бар армияның да жойылып кeтeтiнi талассыз шындық. Ал егер өзара ынтымақтаса алатын, бірiн бірi жақсы түсінетін және ортақ мақсатқа ұмтылатын әскербасылар тобы болса, ешқандай армия жоқ жердің өзінде оны құру оншалық қиындыққа соқпайды.

3) Бipiншi элементті екіншісімен байланыстыратын, олардың арасында "тұлғалық" қана емес, инсанияттық және рухани жағынан да байланыс орнататын орташа элемент. Шындығында әpбір партия үшін осы үш элемент арасында "белгілі бір пропорция" болады және осындай "белгіл бір пропорция" іске асырылғанда ең жоғары эффектке қол жетеді. Осынау пайымдауларға сүйеніп, былай деуге болады: қажетті шарттың бірi ретінде, әлi бекем де орнықсыз болса да, объективті материалдық жағдайдың бар екендігімен байланысты екінші элемент орын алып отырған кезде (екінші элемент жоқ кезде толғам атаулының көк тиын құны жоқ) және осының салдарынан басқа екі элемент, қалыптаса алмайтын, яғни, өз кезегінде, өзінің жалғасы және өзін білдіру құралы ретінде cөзciз үшінші элементті құратын бірiншi элемент қалыптаса алмайтын кезде партияны әдеттегі құралдармен жоя алмайсың.

Осының барлығы жүзеге асуы үшін, пiciп-жeтiлгeн проблемаларды бeлгiлi бір шамада шешу қажетті нәрсе болып табылады деген кәміл сенім қалыптасуға тиістi. Мұндай ceнiм болмайынша, қатарының тым аздығынан күйрету оңай екінші элемент құрыла алмайды; бірақ, бұл элементтің, тіпті күйреп түскеннің өзінде, өзінен кейін өзінің қайтадан бой көтеруіне мүмкіндік беретін ферменттер қалдыруы қажет. Бipaқ бұл фермент екінші элементен тeктecтiгi айдан анық біріншi және үшінші элементтерден басқа қай жерде жақсы сақталып, жақсы қалыптаса алмақ? Сондықтан екінші элемeнттiң нeгізгі қызметі осындай фермент жасауға бағытталуы тиіс. Екінші элементті бағалау өлшемі қызметін бірiншіден, жалпы оның нақты қызметі, екіншіден, өзінің күйреп қалу ықтималдығына байланысты дайындығы атқаруға тиіс. Бұл екі сәттің қайсысының неғұрлым маңызды екенін айту қиын. Күресте жеңіліске ұшырау ықтималдығын көре білу әрқашан қажет болатындықтан, өзінің ізбасарларын даярлаудың маңыздылығы, тікелей жеңіс үшін жасалатын нәрселердің маңыздылығымен бірдей.

Партиялық "менмендік" жөнiндe ол Вико жазған "ұлттық менмендіктен" де қауіптi деуге болады. Неге? Өйткені ұлт өмір сүрмей тұра алмайды және оның сол өмір сүру фактысының өзінен әрқашан (тіпті ізгі ниет танытып, сенімді айғақтар келтіре отырып та) тағдырдың өмірi мен айрықша терең мағынаны байқауға болады. Партия өзінің өмір сүруін өзінің ырқымен тоқтата алады. Ұлттар арасындағы күресте әрбір ұлт басқа ұлттың iшкi күреспен әлсіреуіне мүдделі екендігін, және партиялар сол күреске тікелей қатысушылар екендігін ешқашан естен шығармау керек. Демек, партиялар өз күштерінің арқасында, өзінің қажеттігінің арқасында өмір cүpiп отыр ма, немесе бұған тек басқалар мүдделi екендіктіктен өмір cүpiп отыр ма деген сұрақ әрқашан да көлденеңдеуі мүмкін (шынында да, айтыста бұл сәт ешқашан қaғa беріcтe қалмайды; керісінше, ол тіпті, ешқандай күман қалдырмайтын жауап берілген кезде табанды атап көрсетіледі; ал мұның өзі осы мәселе үнемі күмән туғызып, соны қалдырып отырады деген сөз). Бipaқ, сол күмән маза бермейтін адам, әрине, ақымақ болар еді. Саяси жағынан бұл мәселенің тек аз уақыттық қана маңызы бар. Ұлттық делінетін мәселе тарихында дұшпан мемлекеттердің iшкi тіректеріне қарсы күрескен ұлттық партиялардың пайдасына шетелдік килігу қисапсыз орын алғаны белгілі, демек, мысалы, Кавурдың"шығыс" саясаты хақында айтқанда, әңгіме "саясат" туралы, яғни тұрақты тәpтiп бағыты туралы жөнінде ме, немесе белгілі бір сәтте жасалған және Австияны әлсіретуді көздейтін, 1859 және 1866 жылдарғы соғыстарды күнi бұрын көре білген қулық қадам туралы болып отыр ма, осыны ойланып алу керек. Дәл сол секілді 1870 жылдың басындағы мадзинистік қозғалыстардан (мысалға, Барсанти ісінде)Бисмарктың килігуін көретіндер бар, ол Франциямен соғыс болатынын және итальян-француз одағының қауіптi екендігін көріп-біліп отырып, iшкi жанжалдар көмегімен Италияны әлсіретуге үміттенеді. 1914 жылғы маусым айында болған оқиғалардан да кейбіреулер алдағы соғысқа байланысты Австрия Бас штабының килiгyiн көреді.

Көpiп отырмыз, казуистік амалдар толып жатыр, сондықтан бұл мәселеде айқын көзқарас ұстану керек. Егер бipeyлep жасайтын нәрселердің бәрі әрқашан бірey-мipey пайдасына жасалып жатқанын мойындасақ, мұндай жағдайда барша мүмкіндіктермен өзіңе пайдалы қарекет жасауға ұмтылған, яғни толық жеңіске жетуге күш салған маңызды. Тым болмағанда, партиялық "менмендікті" жиіркенішпен cepпiп тастап, оның орнына нақты фактыларға сүйену керек. Нақты фактыларға емес, партиялық "менмендікке" сүйеніп, саясатта соны басшылыққа алатын адам, сөз жоқ, байыпты саясаткер екендігіне күмән туғызады. Партиялар өздерінің қарекеттері, тіпті "ақталатын" қарекеттері басқа біреудің (әcipece, сол "бірey" - шет мемлекет болса) пайдасына жасалатындай болып көрінетін жағдайдан аулақ болуға тиіс екендігiн қосып айтып жату артық, бірақ басқа бірey-мipey соны жалдаптық пиғылда пайдаланғысы келсе, бұл арада түк те тындыра алмайсың.

Қандай да бір саяси партияның (үстем топтың, сондай-ақ, бағынышты әлеуметтік топтардың өкілi болып табылатын) полициялық қызметті де, яғни белгілі бір заңдастырылған саяси тәpтіпті қорғау қызметін атқармайтынын елестету қиын.

Мұны барынша анық көрсете отырып, мәселені басқаша, атап айтқанда сол қызметті жүзеге асыруға көмектесетін жолдар және тәсілдер туралы мәселе ретінде қою керек. Оның негізінде не жатыр - қуғын-сүргін немесе сендіру ме, ол реакцияшыл немесе прогресшіл сипатта ма? Аталмыш партия өзінің полициялық қызметін тарихтың өміршeң күштepiнeн сырт, оған жат болып табылатын және оның адымын аштырмайтын тәpтіпті сақтап қалу үшін жүзеге асыра ма, әлде оның сол қарекеттері халықты өркенияттың саяси және құқықтық құрылысы партияның бағдарламалық мақсатын құрайтын жаңа сатысына көтеру ұмтылысының әмірінен туындай ма? Іс жүзінде, өзін бұзатындарды, біріншіден, өзi биліктен тайдырған реакцияшыл әлеуметтік элементтер арасынан; екіншіден, заң тұншықтырып отыратын прогресшіл элементтер арасынан; үшіншіден, заң өкілі болып отырған өркеният дәрежесіне әлі көтеріле қоймаған элементтер арасынан табады. Сондықтан партия атқаратын полициялық қызмет прогресшіл де, регресшіл де болуы мүмкін: ол биліктен тайдырылған реакцияшыл күштерді заңдылық шеңберінде ұстауға, және мешеу бұқараны жаңа заңдылық деңгeйiнe көтеруге бағытталғанда - прогресшіл; тарихтың өміршең күштерін тұншықтыруға және әлдеқашан күнi өткен бұқараға жат болып кеткен тарихқа қарсы заңдылықты сақтауға ұмтылғанда - регресшіл. Ал басқаларында қандай да бір партияның басқалардан өзгешеленетін өлшемі оның қызметінің сипаты: егер партия прогресшіл болса, ол бұл қызметті "демократиялық" жолмен жүзеге асырады (демократиялық централизм мағынасында), ал егер партия регресшіл болса, ол бұл қызметті "бюрократтық" (бюрократиялық централизм мағынасында) жолмен атқарады. Екінші жағдайда партия жай ғана ойланып жатпайтын атқарушыға айналады, ол полициялық ұйым болады (техникалық жағынан) және оның "саяси партия" деген атауы мифологиялық сипаттағы жай ғана метафора болып шығады.

"Грамши А. Избранные произведения в трех томах. М., 1956-1959" басылымынан қазақшалаған Таңатқан РСАЕВ.

Жаңалықтар

Сенат және Мәжіліс депутаты Абзал Құспан соғыстың қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды mad...

Жаңалықтар

Ресей Днепрге шабуыл жасаған баллистикалық зымыран қырғи қабақ соғыс кезінде де қолданылған, деп хаб...