Елімізде шетелдік 215 телеарнаның өкілдігі ашылды

Жаңалықтар
776

Осы орайда туралы Үкіметте Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеме жасады. 

Министрдің айтуынша, осы жаңашылдықтың арқасында бұл компаниялармен арнаның бағдарламасы және жарнама жөнінде тікелей келіссөз жүргізуге болады. Ал 88 арнаның жұмысы Қазақстан аумағында тоқтатылды. Министрдің хабарлауынша, бұл телекомпаниялар қалаған кезде Қазақстанда өз өкілдіктерін ашып, әрі қарай бірлесіп табысты жұмыс жүргізуге барлық мүмкіндік бар.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

 - Бұрын шетелдік телеарналар болған жоқ, олар тек бізде көрсетті. Келіссөздерімізге қатысқан да жоқ. Сондықтан да олар 215 телеарнаның өкілі ашылып, бірге жұмыс істеуді бастаймыз. 

Сондай-ақ осы кездесуде министр 5G және дата-орталықтар сынды жобалардың жүзеге асуы жайында баяндады. Оның айтуынша, келер жылы Мысырда өтетін Дүниежүзілік радио байланысы конференциясында Халықаралық электр байланысы одағымен 5G стандартын қабылдауы тиіс. Содан кейін біздің елде де осы жаңашылдықты енгізуге болады. Ең алдымен жаңа жүйе Астана, Алматы қалаларында және Алматы мен Ақмола облыстарында тестілеуден өтеді. Кейін халық саны 50 адамнан астам елді мекендердің өзі де 5G интернетпен қамтамасыз етіледі.

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...