Ержан Максим балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жеке концертінің билетін табыс етті

МУЗЫКА
2116

«Бала дауысы» («Голос. Дети») жобасы 6 маусымының финалисі Максим Ержан Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар үйі мен SOS балалар қалашығына барып қайтты. 

Балалар Ержанмен емін-еркін әңгімелесіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Астаналық балалар үйінде 66 бала, SOS балалар қалашығында 50 бала тәрбиеленуде, олар Ержанның шығармасымен таныс. Жас орындаушы шығармашылық жоспарларымен бөлісіп, музыкамен үш жасынан бастап айналысатынын, сондай-ақ алға қойып отырған жоспарлары үлкен екенін айтып берді.- Шығармашылығым туралы айтар болсақ – әлемдік деңгейдегі әртіс болғым келеді. Өз әндерімді жазсам. Сондай-ақ бокспен айналыссам деймін – бұл көптеген армандарымның бірі. Осылардың қатарында оқу да алдыңғы орында тұр, - деді Ержан кездесу кезінде. 2019 жылы қыркүйекте орындаушы Игорь Крутойдың Мәскеудегі музыка Академиясына оқуға аттанады, онда ол 5 жыл оқиды.«Бала дауысы» шоуындағы жеңісі туралы Ержан, жоба барысында барлық финалистпен дос болып кеткенін айтты. Кездескен барлық қиындыққа қарамастан, бәрінің осылай болғаны үшін орындаушы өзін бақытты сезінеді. Ұтып алған миллион рубльді ол ата-анасына береді. Ержанның айтуына қарағанда, ол ештеңеге мұқтаж емес және ең бастысы онда бәрі: отбасы, ата-анасы, атасы мен әжесі, үйі бар.
SOS балалар қалашығында Ержан Максим балаларға арнап халық әні «Құсни Қорланды» айтып берді, оның жан тебірентер дауысынан зал сілтідей тынып, әнді ұйып тыңдады.

Әнші әр тәрбиеленушінің көңілін көкке көтеріп, өз жеке концертінің билетін табыстады және балмұздақ сыйлады.

Қазір Максим Ержан 28 маусым күні «Қазақстан» орталық концерт  залында Астана күніне орай өтетін алғашқы жеке концертіне қызу дайындық үстінде. Жас орындаушы тыңдарманын бейжай қалдырмайтын әсерлі бағдарлама әзірлеп жатыр. Ержанның айтуынша, концерт тарихта қалады және көрерменнің көрері  көп болады. Концертті ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі.

Билеттерді қаладағы кассалардан және Biletiastana.kz сайтынан алуға болады. «Қазақстан» ОКЗ-да жас әнші ең сүйікті халық әндері мен «Бала дауысы» телевизия жобасында орындалған шығармаларды шырқайды. Онымен бірге сахнада қазақстандық жұлдыздар: Сәкен Майғазиев, Ұлықпан Жолдасов, Мөлдір Әуелбекова, Ринат Ғайсин, Айқын Төлепберген, Әбдіжаппар Әлқожа өнер көрсетеді.
 

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...