Президент Қостанай өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты, деп хабарлады madeniportal.kz...
Жаңа адамдар «Қазақстан - бар ғұмырым» Бірінші жастар Конвентін өткізеді (ФОТО)
Фотосурет zhana.adamdar
Жаңа адамдар «Қазақстан - бар ғұмырым» Бірінші жастар Конвентін өткізеді. Бұл туралы zhana.adamdar инстаграм парақшасы жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz
Қазақстан деген не? Бұл ең алдымен - адамдар. Жаңа Әділетті Қазақстан - біздің бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыз туралы. Бұл -біз өмір сүріп жатқан елді қалай көретініміз және оны біздің арманымыздарымызға сай ету үшін жасайтын әрекеттеріміз туралы.
Кез келген өзгерісті бастау үшін бірінші қадамды жасайтын адамдар табылады: өзгерістерді өздерінен бастайтын және өзгелерді артынан ілестіре алатын жандар.
Мұны қалай жасауға болады? Ең әуелі біз бәріміз кездесуіміз керек. Әлеуметтік желілерде емес, бетпе-бет. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең белсенді жастар бір жерге жиналып, Жаңа Әділетті Қазақстан қандай болуы тиіс екендігі туралы өз жобаларын, түсініктерін талқыға салуы аса маңызды. Әрбіріміз оны жақындату үшін не істей алатынымызды талқылайтын боламыз.
13 шілдеде Астана қаласында «EXPO» алаңында Жаңа адамдар «Қазақстан - бар ғұмырым» Бірінші жастар Конвентін өткізеді.
Бір алаңда алғаш рет белсенді азаматтық ұстанымы бар жас, креативті, шығармашылық адамдар бүкіл елге: «Қазақстан – бар ғұмырым!»,- деп жариялау үшін бас қосатын болады.
Сені бірегей білім беру бағдарламасы, бір жерде жиналған елдің үздік фестивальдары, акционисттер жарысы, танысу нүктелері және көлденең байланыстар рейтингі күтеді. Бірінші жастар конвентін қазақстандық үздік әртістердің ерекше өнер көрсетуі қорытындылайды.
Елдің белсенді жастары қатыса алады. Ол үшін convention.kz сайтына тіркел және бейнежазба түсір. Онда өзің туралы айтып, «Мен неге Конвентке барамын?» сұрағына жауап бер. Бейнежазбаны әлеуметтік желіге #конвенткебарамын хэштегімен белгіле және өз қалаңдағы Конвент кампусынан билет ал.
Сендерді жылдың маңызды оқиғасында күтеміз!