«Тук-тук»: Руслан Берденовтың әйелі әлеуметтік желіде жазба жариялады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1996

Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына шабуыл жасалды: жарының жүрек тебірентер жазбасы жарияланды, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

2025 жылғы 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Ол жамбасы мен иығынан жараланып, дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған төрт сағат бойы шұғыл ота жасап, қазіргі уақытта оның жағдайын «тұрақты ауыр» деп бағалап отыр.

Оқиғадан кейін Руслан Берденовтің жары Маржан Смайылова Instagram парақшасында жұртшылықтың назарын аударған жазба қалдырды.

— Жүрегімнің соғысы құлағыма қатты естіліп тұр. Дәл қазір ол кеудемнен шығып кететіндей. Бұрын да жүрегімнің дүрсілін сезетінмін, бірақ мұндай қорқынышты бұрын-соңды бастан кешірмеген шығармын. Бала күнімізде қорыққанда жүрек дәл осылай соғатын еді ғой..., — деп бөлісті ол.

Маржан Смайылованың жазбасынан күйеуіне деген алаңдаушылығы мен жанұя алдындағы ауыр жауапкершілігі айқын көрінеді. Желі қолданушылары оның жан тебірентер сөздеріне қолдау білдіріп, Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...