Полиция қызметкері қызметтік міндетін орындау кезінде жол апатынан қаза тапты

Фото: instagram.com/sadenov_online

ЖАҢАЛЫҚТАР
1947

23 сәуірде Жамбыл облысында екі полиция қызметкері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға салдарынан 44 жастағы полиция қызметкері қаза тауып, екінші қызметкер жарақат алды. 

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен облыстық полиция департаменті қаза болған офицердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол апатынан қаза тапқан Жамбыл облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді», - деп жазды Ержан сәденов.

Ол экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаевтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...