Димаштың туған жеріне арнайы турмаршрут ұйымдастырылады

ЖАҢАЛЫҚТАР
9319

Қазақтуризм Димаш Құдайбергеннің туған жеріне екі күндік турмаршрут ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақтуризмнің әлеуметтік желідегі парақшасында екі күндік турмаршруттың қалай өтетіні туралы жазылған.

Қонақтар алғашқы күні қала ішін аралап, Ақтөбенің көрікті жерлерімен танысады. Музейге барып, өңірдің тарихымен, қазба байлықтары және табиғи ландшафтары туралы ақпарат ала алады. Кейін Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы әндері бар караокеде тынығады. Ал екінші күні әнші білім алған мектепке барып, сыныбын қарайды. Партасына отырып, Димаштың оқу үлгерімін табельден көреді. Мектептегі музейде Димашқа арналған арнайы бұрыш та жасақталған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каржаубай Нұрымов ұлы Шерзаттың өлімі үшін алған өтемақыны балалар үйіне аударды, деп хабарлайды MAD...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова ескі көйлектерін сатып жа...