Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми онкология орталығындағы жаңа корпустың құрылыс барысымен...
«Ұлы Жеңіс - халықтар ерлігі»: қазақстандық журналистер мен блогерлердің Беларусь еліне баспасөз туры
2019 жылдың 18-22 маусымы аралығында Ұлы Отан соғысының басталғанына 78 жыл толуына жəне Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс - халықтар ерлігі» атты қазақстандық журналистер мен блогерлердің Беларусь Республикасына (Минск жəне Брест қалалары) баспасөз туры өтеді.
Жоба аясында Беларусь еліндегі тарихи орындарды аралап, Қазақстан, Ресей, Беларусь жастарына аталарымыз бен əкелеріміздің ерлігі туралы сөз қозғау көзделген.
Баспасөз-турына қатысушылар Брест қамалын (Брест қаласы) аралайды, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының құрбандарын еске алуға арналған шараларға қатысып, Ұлы Отан соғысының тарихи музейі (Минск қаласы) мен «Хатынь» мемориалды кешенін қосқанда, біздің халықтардың ортақ естелігіндегі маңызды орындарды аралап, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездеседі жəне сапардың жан-жақты, қызықты бағдарламасына куə болады.
2019 жылдың 19 маусымында «Sputnik Беларусь» ақпараттық агенттігінің алаңында «Бұрынғы кеңес одағының халықтары:Ұлы Жеңісте жəне Ұлы соғыста бірге» тақырыбында Алматы жəне Мəскеу студияларынан тікелей трансляция арқылы үш жақты дөңгелек үстел өтеді.
Баспасөз турын посткеңестің кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі Ақпараттық-сараптамалық орталық пен Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшігінің қолдауымен IQ-клуб атты Қазақстан-Ресей сарапшылар клубы ұйымдастырып отыр.
Бұл баспасөз туры «Қазақстан орысша» атты халықаралық жоба аясындағы іс-шаралардың бірі. Жобаның мақсаты - қазақ жастарын Қазақстан тарихы үшін маңызды орындармен, соның ішінде, қазақ тілі мен мəдениетін зерттеу орталығымен таныстыру, бүкіл еуразиялық кеңістіктп тұратын қазақ диаспораларының өкілдерімен кездестіру.
madeniportal.kz