1 қыркүйек – Білім күні

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
225

Бүгін еліміз бойынша 4 миллионға жуық оқушы дәстүрге сай алғашқы қоңырау сыңғырын естейді, деп хабарлады madeniportal.kz.
Оның 350 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш аттайды.

Ел аумағында 7859 мектеп бар. Оның 178-і күрделі жөндеуден өтіп, бүгін ашылды.

Жаңғырту жұмыстары жүргізілген 1 мыңға жуық ауылдық орта білім беру ұйымдары да өз қызметін бастады. Өңірлердегі бейінді құрал-жабдықтармен 1,5 мыңнан астам пәндік кабинеті жарақтандырылып, сақадай сай тұр.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бірнеше мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда инклюзивті мектептердің үлесі 88%-ке, ал балаларды арнайы қолдаумен қамту деңгейі 80%-ке өсіп отыр.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...