Ерболат Баятұлы. Құрметті, министр ханым, әуелі соған кірісіңіз

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
4843

Мәдениет министрінің келе салып, термин теріп, қазақ тіліне шұқшиюы дұрыс емес. Халықаралық терминдердің қазақша баламасын табу, оны тілдік қорға енгізу- тілді байытудың бір тәсілі. Қаншама сөздер тілдік қорымызға еніп, қолданысқа айналды. Ол сөздер негізінде жоқтан бар қылып, жаңадан ойлап тапқан сөздер емес, бұрыннан қолданыста бар сөздердің жасалымы. " Мұражай", " пайыз ", "әуежай"," әлеует", " әнұран", " шеру" секілді сөздер кімнің тақиясына тар келді? Әрине аударуға келмейтін, баламасы сәтсіз шыққан терминдер де бар. Жалпы халықаралық термин сөздерді аударуға болмайды- деген желеумен ана тілімізге кіріккен жаңа сөздерді мансұқтауды тоқтату керек! Бұл тілге шабуыл. Мәдениет саласында шешімін күтіп тұрған мәселелер шаш етектен. Құрметті, министр ханым, әуелі соған кірісіңіз?!

Ерболат Баятұлы

author

Ерболат Баятұлы

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...