Ұлттық өнер жаршысы - Qazaq-Oner

Жаңалықтар
3447

Бастауын сонау "Ақкиіз" кәсіпкерлік ұжымынан алған Қолөнер орталығы аясындағы Qazaq-Oner қанат жайып, тағы бір бөлімшесін ашты. Бұны - осы игілікті істің жетекшісі Айгүл Жансерікованың жанкешті еңбегі мен ертеңге деген сенімі және ұлттық өнерге деген сарқылмас махаббатының жемісі деп санаймыз. 

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешені ғимаратынан ұлттық өнерге арналған жаңа жәй берілді. Қала жұрты мен қонақтар сол мекен-жайға соғып, қазақтың дәстүрлі өнері туралы мәлімет алып, шеберлердің қолынан шыққан не бір түрлі бұйымдармен танысуға мүмкіндіктері бар. 

Киіз басу мен илеу, қыштан бұйым жасау, тігін сияқты кәсіптік мәні бар дүниелердің қыр-сырымен танысып, меңгеруге де жағдай жасалған. Сонымен қатар ұлттық киімдер киіп суретке түсу, отбасылық қызықтау, арнайы шеберлік сабақтары да қарастырылған.   

"Рухани жаңғыру" жолындағы жарқын қадамдардың бірі деп саналатын бұл шараны - жас ұрпақ жадына ұлттық кодты сіңіретін, ұмыт болған ата-баба өнерін, Ұлы дала  даңқын жаңғыртатын асыл іс деп қабылдауымыз тиіс.

Келушілер үшін күнделікті сағат 11.00-ден кешкі 19.00-ға дейін еcік ашық. (Кіру бағыты Байтұрсынов көшесі тұсынан)

madeniportal.kz. 

 

   

 

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...