ЕГЕР ЖУРНАЛИСТ БОЛМАҒАНДА, КИНОРЕЖИССЕР БОЛАР ЕДІМ

ӘДЕБИЕТ
2595

Журналист, жазушы Өміржан Әбдіхалықпен сұхбат:

-Өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтсаңыз?

Моңғолияда туғанмын, Моңғолияның Қолда деген аймағында туғанмын. 1993 жылы көшіп келгенбіз. Тәуелсіздік алған соң шетелдегі қазақтарды шақырдық, тарихи отандарды, сол кезде көшіп келгенбіз. Мен моңғолиядан 13 жасымда көшіп келгенбіз, 5 сынып бітіріп сосын Павлодар облысы, Май ауданы, баяғыда Кирв деген совхоз болатын Малайсары атындағы аудан бар, сол жерден көшіп келгенбіз. Сол жерде мектеп бітірдім. Сосын Алматыға келіп журналистикаға түсіп, содан осында қалдым ғой. 

-Бойыңыздағы жазушылық қабілет кімнен дарыған?

 Білмеймін енді. Мен негізі журналистикаға түскім келген, соны армандап Алматыға келгенмін. Сол арманымды орындап журналистикаға түстім. Содан болса керек айналамда жүрген адамдардың біреуі өлең шығарады, біреуі шығарма жазады сондықтан да журналистика факультетінің ортасы әсер етті деп ойлаймын өзім.

 -Бүгінгінің қаламы қарымды жазушы ретінде кімді мойындайсыз? 

Мен бәрін мойындаймын. Қазір көзі тірі Төлен Әбдіков, Мұхтар Мағауин, Жүсіпбек Қорғасбек, Нұрғали Ораздан бастап бәрінің шығармаларын оқығанмын, әлі де жазғандарын оқып тұрамын. Әркімнің өз шығармашылық бағыты, стилі бар, сондықтан алуан түрлі палитрадағы дүниелер ғой бәрі. Сондықтан қалам тартып жүрген әрбір адамның өзіндік бір қазақ әдебиетіне берері бар деп ойлаймын. Әр қайсысының өзіндік оқырмандары бар деп ойлаймын.

- Жастарға қандай кітапті оқуға кеңес бересіз?

 Негізі әр адамның өзінің алып жатқан мамандығына қатысты кітаптарды оқыған дұрыс. Адам әуелі ең алдымен мақсатын айқындап алған дұрыс болады. Жалпы өмірде мақсатқа қарай бағыт түзегені жақсы деп ойлаймын. Өз тәжірибемді айта аламын. Сондықтан мақсатқа, бағыт-бағдарға қарай ізденген дұрыс, өйткені дүниеде кітап көп, жазушы көп, керемет кітаптарда көп .Сондықтан әр адам нақты мамандығына, қызығушылығына қарай, мақсатына қарай сол тарапта ғана ізденуі керек деп есептеймін. Былайша әдебиетке қызығатын адамдар болса, талабына сәйкес оқыған дұрыс. Қолға тигеннің бәрін оқу ол қателік деп ойлаймын. Сондықтан пәлен түген деген кітапты оқы деп ақыл айта алмаймын. Негізі енді белгілі ғой әлем әдебиетінде, қазақ әдебиетінде оқып отыратын кітаптардың барлығы деп ойлаймын.

-Басылымда жұмыс жасағанның ТВ-дан артықшылығы?

 Газет, журналдарда жұмыс істегеннің артықшылығы ең алдымен сіздің жазуыңыз түзеледі, журналист ретінде көп тәжірибе жинайсыз, тіпті материалдарды өңдеу, қайта жазу және тағыда басқа нәрселерді қорыту. Бұл сіздің ойыңызды ұштайды. Сіз кәдімгі кез келген дүниені жазуға, журналистиканы жазуға айналасыз. Бұл енді газет, журналдың редакциясы журналистиканың шеберханасы деп айтуға болады әбден. Телевидение бұл визуальды нәрсе, сөзді дұрыс жазудың қажеті жоқ деп жатады, ол нәрсе меніңше қате сияқты. Қайда барсаңызда сіз текстпен жұмыс жасайсыз, сондықтан ол алдыңыздан шыға береді. Ертенгі күні елдің сөзіне, көрермендердің сынына қалмас үшінде дұрыс оқып, дұрыс жазған қажет қой. Журналистикада оқып жүрген жастарға өте қажет нәрсе деп ойлаймын.

 - Журналистикаға жолыңыз тоғыспаганда қай салаға бет бұрар едіңіз? 

Мен осыны ойламаппын. Мен тек журналист болуды армандадым және журналист болып отырмын. Егер журналист болмағанда, кино режиссер болар едім деп ойлаймын. 

- Қара шаңырақ ҚазҰУ-да қалған ең ыстық естелік?

 Мен ҚазҰУ-да болған естеліктерді бөліп жарғым келмейді, оның барлығы ыстық біз үшін. Әрбір есімізде, жүрегімізде қалган сәттердің бәрі ыстық. Жастық шақ деген нәрсе өзі адам үшін ерекше ыстық нәрсе сондықтан небір жақсы керемет естеліктер бар. Мен курстастарыммен әлі күнге дейін араласамын, доспыз. Ең жақын достарым сол курстастарым қазір. Сондықтан ол бір ерекше кезең деп ойлаймын. 

-Өзіңізді журналист ретінде толыққанды жетілдім деп ойлайсызба? 

Мен енді толық қанды жетілдім деп ойламаймын. Мен өзімді кәсіби журналист деп ойлаймын. Мен оған өзім баға бере алмаймын. Менің жазып жатқан дүниелерім газет, журналда, сайттарда шығып жатқан нәрселерім бәрі жиынтығында кәсіби журналистика тарапынан жауап беретін болсам ,онда солай шығар. Егер жауап бермесе онда олай емес деген сөз. Негізі журналист жұмыс істеп отырған жеріне өзінің қиындығы немесе қызықшылығы деп айтуға болатын шығар. Журналист өзін-өзі күнде бағалап отыруы керек. Газетте істесеңде, журналдарда істесеңде. Жұмысқа және де алып отырған жалақыңызға лайықты екеніңізді дәлелдеп отыру керек. Яғни сіздің жазған мақалаларыңыз, апта сайын алған сұхбатыңыздың бәрі кәсіби журналист екеніңізді дәлелдеп отыру керек. Өйткені журналистика сонысымен қызық.

-Салауатты өмір салтын ұстанасыз ба?

 Салауатты өмір салтын ұстамаймын. Жұрттың бәрі қазір ұстанады, көкке, тауға шығады, жүгіреді, пайдалы тамақтар тұтынады. Менде қазір ондай жоқ. Салауатсыз өмір салтын ұстанамын.

-Жас буынның журналистиік ізденісі сізді қанағаттандыра ма?

Мен енді бәрін қадағалап отырмаймын. Бұл менің жұмысыма кірмейді. Жас буынның журналистикасы деп юөліп қарауға болмайды. Әр журналистті бөлек бағалау керек. Кімнің ізденісі қандай, дәрежесі қандай дегендей. Егер бірақ кретериймен бағаланады. Егер сіз сұраныстағы журналист болсаңыз, демек сіз мамандықты жақсы игергенсіз. Жұмыс таба алмай жүрсеңіз, сізге сұраныс болмаса, демек сізге ойлану керек. Кәсіби журналисті табу қазір өте қиын. Газетіміздің жеке сайты бар. Соған әлі күнге дейін жақсы журналист таба алмай келеміз. Азаматтық журналистика деген журналистика пайда болды. Журналистикаға қатысы жоқ адамдар блог жүргізеді. Ютубта канал жүргізеді. Блогер ешқашан журналист бола алмайды.

-Өмірлік миссияңыз қандай?

Басында айттым ғой. Адам өзінің мақсатын айқындау керек. Бұл өмірлік миссиямен байланысты. Мен жазушы болғым келген. Жазғканым соншалықты көп емес. Мен кітап шығарсам деймін, кино түсіргім келеді. Өзімді дәлелдесем деймін.Кино мен әдебиетте, басқа салада таласым бар деп айта алмаймын. Қызықпаймын.

 -Ұстазы жақсының ұстамы жақсы . Өмірлік сабақ берген тұлға?

Өмірдің әр кезіңінде жақсы адамдардың қатарына түсен жолы болғант адам деп есептеймін өзімді. Себебі мен журналистикаға келгенде де жақсы ортаға түстім. Біздің кезіміздегі ұстаздарымыз да өте керемет болды. Олар тек сабақ үйретіп қана қойған жоқ. Ол кісілер адамгершілік, адами тұрғыдан да қамқорлық жасады. Бәр білгендерін үйретті. Жақсы журналист болуыма әркімнің өз себептері болды. Пайдасы тиді.

  -Ұл-қыздарыңыз журналистикаға бет бұрғысы келсе, оған көзқарасыңыз қандай?

 Мен балалардың таңдауына шектеу қоймаймын. Олар әлі кішкентай. Егер журналист болғысы келсе, өз қалауы. Ықпал ететін шығармын,бірақ қарсы шықпаймын.

 -Шабытыңыз бәсеңдегенде, жігерді қайдан аласыз?

Шабыт дегенді мен жақсы түсінкіремеймін. Шабыт шамасы адамның көңіл-күйіне байланысты нәрсе болса керек. Мәслен, көңілді жүрсеңіз жақсы нәрсе жазасыз. Кейде көңілсіз отырып та тәп-тәуір нәрсе жазасыз. Көңіл-күйдің әуеніне қарай болады. Өзіңе сенімділік деген психологиялық мәселе ғой. Өзіне ,ісіне сенбейтін адамдар болады. Өзімді дұрыс бағытта келе жатырмын деп ойлаймын. Сізге айтқан режиссер болып,кино түсірем дегендерге де қатты сенем. Сенім жетелеп тұр деп ойлаймын.

-Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Дияна Біржанова 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...