"Қасым" үйі ашылады

ӘДЕБИЕТ
3147

Биылғы жыл дауылпаз ақын Қасым Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген дауылпаз ақынның мерейтойына орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылған. Солардың ішіндегі ең бастысы "Қасым" үйінің ашылуы болмақ. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Бейсенбайұлы айтты, деп хабарлайды Saryarqanews.kz

"Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай  Қасым әлемі: поэзия, тұлға, тарих» тақырыбында онлайн семинары өткізілді. Ал, Қарағанды университетінде «Қасымтанудың қазіргі мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Тағы бір жақсы жаңалық - қараша айында дауылпаз ақын, Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай «Қасым» үйінің ашылуы да зиялы қауым үшін, жалпы барша қарағандылықтар үшін ерекше тарту болмақ", дейді басқарма басшысы.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...