Игорь Крутой «Достық» орденімен марапатталды

Жаңалықтар
1539

ҚР Президенті ресейлік композитор Игорь Крутойды «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысының арнайы жарлығы жарияланды. «Қазақстан мен Ресей халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін композитор Игорь Яковлевич Крутой ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын» делінген онда. Айта кетейік, Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутой қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге үнемі қолдау танытып жүр. Осының алдында ғана Димаш «Любовь уставших лебедей» әнін Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «НТВ» телеарнасының «Центральное телевидение» бағдарламасында орындаған болатын.. Композитор Димаш Құдайбергеннің «Ресей публикасын баурап алатынын» жеткізді.  

Сонымен қатар, ол қазақстандық жас әнші Ержан Максимге өзінің музыкалық академиясынан білімін шыңдауды ұсынды. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қарияның а...

Жаңалықтар

Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп...