Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Жаңалықтар
1635

Заң жобасына сәйкес қол астындағы қызметкер жемқорлық жасаса, бірінші басшы да жауапқа тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісінің депутаттары жемқорлық үшін бірінші басшының жауапкершілігі туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл норма "Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған. Соның аясында қол астындағы қызметкері жемқорлық жасап ұсталса, бірінші басшының жауапқа тартылатыны да қаралады.

"Бұл өзгерістер қызметкерлерінің жемқорлық әрекеті үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруды көздейді", - дейді депутат Михаил Чирков.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жемқорлық туралы: мемлекеттік орган басшылары отставкаға кетуі керек

Заң жобасы бойынша мемлекеттік қызметтен теріс әрекетіне байланысты кетпеген адамдар бір айдың ішінде конкурсқа қатыса алады. Ондайда тест тапсырудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, ауыс-түйіс институтына саяси мемлекеттік қызметшілерді де қосу жоспарланып отыр. Ал қызметтік куәліктер идентификация картасымен алмастырылады.

Айта кетейік, екінші оқылымнан кейін заң жобасы парламенттің жоғары палатасы – сенатқа жіберіледі.

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...