Астанада 4 жыл бұрын жоғалған адамның жағдайы белгілі болды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
702

Астанада туыстары 2020 жылдан бері іздестірген 48 жастағы азамат табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында елорда аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге және іздеуде жүрген адамдарды анықтауға бағытталған "Қаңғыбас" атты жедел алдын алу іс-шарасы өткенін хабарлады. Рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, сондай-ақ құқық бұзушылық жасады деген 6 адамды ұстаған.

“Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жері анықталды. Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары оның оралуынан үміт үзбеген 48 жастағы ер адамның оқиғасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты", - деді ПД өкілдері.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...