Бүгін алғашқы жұмыс күнім аяқталды. Құттықтауларыңызға рақмет. Мемлекеттік қызметтен тыс жүріп те ме...
Тоқаев Қостанайдағы қазақ мектебінің мәселесін шешуді тапсырды
2039
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектептің мәселесін шешуді тапсырды,
«Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс», - деп жазды президент Twitter желісінде.
БАҚ мәліметінше, ата-аналар Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебі – Сырбай Мәуленов атындағы №24 гимназияның ахуалының нашарлығына шағымданған.
Бұған дейін «ШАЛБАРДЫ БЕКЕР КИІП ЖҮРГЕН ЖОҚ ШЫҒАРСЫЗ, ӘКІМ МЫРЗА?»: АРМАН ШОРАЕВ АРХИМЕДКЕ ТАЛАП ҚОЙДЫ (ВИДЕО) деген материалды жария еткенбіз. Сілтемесі: http://www.madeniportal.kz/media/3788