(Басы өткен санда)БЕКБОЛАТҚара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт шүңірек көз жігітпін. Жас...
Мопассанның махаббаты
Әйелдерді «тәнін жиіркенбей сата беретін махаббаттың тауары», «мәңгілік адал жезөкшелер» деген Мопассаннан асқан нәзік жандылардың жанын түсінген, табиғатын таныған жазушы бар ма екен?! «Өмір» романындағы Жаннаның әйел ретінде тазалығын, Томпыштың жан әлемінің сұлулығын терең бейнелеген Мопассанның шеберлігіне сүйсінген оқырман оның осы бір қателігін де кешіруге бар. Тұрпайы сезімнің иесінің осындай пікір айтуына, бәлкім, психикалық ауруы себепші болды ма... (Оның анасы Лауре Ле Пуатвен жүйке ауруынан зардап шеккен).
Кім біледі, ол обалына қалған әйелдер, күш көрсетіп, дөрекілік танытқан қызметші әйелдер оны жек көрсе, көрген шығар?! Ол туралы естеліктің бәрінде де оның жезөкшелермен жиі сауық-сайран құрып, көңіл көтергенін жазады. Ол сол «ақшаға сатылған» қыздарға қол да жұмсайтын. Сері Мопассан кейіпкері Томпышқа өзінің ғашық болғанын да жасырмаған. «Сол жезөкше әйелдің бейнесіне өзім де ғашықпын. Томпыш - менің махаббатым», - депті ол.
Әйелдерді «тәнін жиіркенбей сата беретін махаббаттың тауары», «мәңгілік адал жезөкшелер» деген Мопассаннан асқан нәзік жандылардың жанын түсінген, табиғатын таныған жазушы бар ма екен?! «Өмір» романындағы Жаннаның әйел ретінде тазалығын, Томпыштың жан әлемінің сұлулығын терең бейнелеген Мопассанның шеберлігіне сүйсінген оқырман оның осы бір қателігін де кешіруге бар. Тұрпайы сезімнің иесінің осындай пікір айтуына, бәлкім, психикалық ауруы себепші болды ма... (Оның анасы Лауре Ле Пуатвен жүйке ауруынан зардап шеккен)
Кім біледі, ол обалына қалған әйелдер, күш көрсетіп, дөрекілік танытқан қызметші әйелдер оны жек көрсе, көрген шығар?! Ол туралы естеліктің бәрінде де оның жезөкшелермен жиі сауық-сайран құрып, көңіл көтергенін жазады. Ол сол «ақшаға сатылған» қыздарға қол да жұмсайтын. Сері Мопассан кейіпкері Томпышқа өзінің ғашық болғанын да жасырмаған. «Сол жезөкше әйелдің бейнесіне өзім де ғашықпын. Томпыш - менің махаббатым», - депті ол.
Томпыш. Ары аяққа тапталып, аласұрып, өзін-өзі іздейтін, жоқтайтын Томпыш пен намысы мен ұятын саудалаған Сүйкімді достың арасында қандай байланыс бар дейсіз? Ешқандай. Бәлкім, біздің бұл пікірімізбен Ги де Мопассанның қаламынан туған «Томпыш» пен «Сүйкімді дос¬пен» таныс оқырман келіспес. Әлем әдебиетінің тарихында жеңіл жүрісті әйелдер туралы қаншама шығарма жазылды. Қолына енді қалам ұстаған қаламгер де олардың жан әлемін ашуға талпынды. Бірақ солардың бірі - өзі бейнелеген әйелдің тәніне тамсанса, бірі - оның былғаныш әрекетінен жиіркенуден арыға бара алмады. Менің түсінігімде, жазушы өз кейіпкерінің тағдыры үшін жауапты, бірақ үкім оқуға тиісті емес. «Өмір», «Пьер мен Жан», «Монт-Ориоль», «Сүйкімді достың» авторы жасанды, жалаң пәлсапамен оқырманның уақытын ұрламайды.
...Шығармада автор күйме ішіндегі жолаушылардың кәсібін қысқаша баяндап өтеді. Күймеде дәулетті, сыйлы адамдардың «сыйқын» бұзып, «бұзылған әйел» отыр. Оның қап-қара көзіндегі мұң мен жалғыздықты Құдайға жалбарынып отырған монахиналар да ешқашан түсінбейді. Көп ішінде жалғызсырап, жапа шеккен Томпыштың жандүниесіндегі мұңды, тіпті демократ Корнюде де түсінбес еді. Себебі, Томпыш пен Корнюденің жалғыздығы бір-біріне ұқсамайтын. Күймедегі граф Юбер де Бревиль, фабрикант Карре-Ламадон, алыпсатар Луазомен салыстырғанда, Корнюде адамгершілігін жоғалтпаған. Бірақ оның да «адамгершілігі сатулы». Мопассан Томпыштың табиғатын жол бойында кездескен оқиғалар мен өзге кейіпкерлерімен байланыста ашып көрсетеді.
Оның әлгінде ғана өзін «бұзылған қыз», «сайқал» деп тілдеп, жиіркенген жолаушыларға жомарттық танытып, жолға алып шыққан бүкіл тамағын бөліп беруіне таңдануға болмас. Оның Корнюденің көңіл көтеру туралы ұсынысына қарсы болуына таңдануға болмас. Сол «бұзылған қыз» Отанын, Францияны өзін қоршаған екіжүзді адамдардың бәрінен артық сүйетін. Ұлтының дұшпаны неміспен көңіл көтеруді ол «отаныма, ұлтыма жасаған сатқындығым» деп есептеді. Жолда күйме тоқтаған қонақүйде оған неміс офицерінің көзі түседі. Міне, шығарманың шиеленіскен тұсы - осы. Осы сәтте графтың, Карре-Ламадон ханымның, Луазо ханым мен басқа да кейіпкерлердің табиғи болмысы көрінеді.
Сыртқы болмыс жасанды. Ақсүйек Карре-Ламадон ханымның «мәдениеттілігі» де тым-тым жасанды. «Жасанды әлемінен» Карре-Ламадон ханымның өзі де тұншығып кететін. Томпыш жиіркенген неміс офицеріне, Томпыш қарғаған әлемге Карре-Ламадон ханым ынтық еді. Шығарма астарында бастарына әлдеқандай күн туса, жалған көкірек көтерген әйелдердің бәрі де, тіпті монахиналар да «өзін сатады» деген ой жатыр. Сол ойды түсінген оқырман санасында Томпыш бейнесі биіктей түседі.
Жолаушылар «бостандықты» Томпыштың аялаған ұяты мен намысын сатып қол жеткізді. Олардың ұғымындағы бостандық дегеннің өзі - сатқындық, екіжүзділік, жағымпаздық, аярлық еді.
...Күйме тағы да жолға шықты. Томпыш жалғызсырап отыр... Оның жанын жаралағанын тобыр ойына да алған жоқ. Тобыр қарапайым ғана адами қарым-қатынасты да ескермеді. Шығарманың басында Томпыш бір себет тамағымен өзін қаумалаған ашкөздерді тойдырып еді. Енді ақсүйектер түгілі, Құдайға сыйынған монахиналар да оған қонақүйден алып шыққан дәмнен ауыз тигізбеді.
Томпыш жылап отыр... Ол бір себет тамағын емес, аяққа тапталған намысы мен ұятын, анығы өзін-өзі жоқтап, жылап отыр...
Сүйкімді дос. Отанын сатпайтын жезөкше болмысын шеберлікпен суреттеген Мопассанның сол бейнеге мүлдем қарама-қарсы кейіпкері - Жорж Дюруа. Көңілдесінің кішкентай қызы атаған лақап аты - Сүйкімді дос. Мопассанның отансүйгіш Томпышы біздің қоғамда бар ма, жоқ па, білмеймін, әйелдің көңілін тауып, көңілдес болып, күн көретін Дюруалар бар екені анық. Әйелдің көңілдесі болып күн көретін ер адам бейнесі XIX ғасырдағы жазушылардың көпшілігінде кездеседі. Мысалы, Бальзакта. Әрине, екі жазушының табиғатын, жазу шеберлігін салыстыруға болмайды. Әңгіме Мопассанның Сүйкімді досы жайлы. Оның да кейіпкері - кедей, күнделікті ішер асынан ақшасы артылмайды. Артылмағанды айтасыз, бір жалақыдан екінші жалақыға қарызданып, қауғаланып әзер жетеді. Әрине, таңданатын түк те жоқ. Ол өзінің сұлу екенін білсе де, сол ерекше кескін-келбетінің өзіне орасан зор байлық пен мансап әкелетінін бастапқыда білген жоқ. Ол әйелді азғырған жоқ, оны әйел азғырды. Сүйкімді дос шығармадағы әрбір әйелмен қарым-қатынаста бетіне әртүрлі «бетперде» киіп отырады. Меніңше, ол ең қысқа «махаббат ойынын» ойнаған жасамыс Вальтер ханымға ғана шынайы бейнесін көрсетті ғой деймін. Қанша рет қарым-қатынасын үзгісі келсе де, үзе алмаған Марель ханым болса, Дюруаның әйел бейнесі еді. Бір-біріне тым-тым ұқсайтын олар бірін-бірі қиып кете алмайтын. Ал Мадлена... Досының әйелі болған, кейін Форестье өлген соң Дюруамен тұрмыс құрған Мадленамен байланысы күрделі. Автор бұлардың жұбайлық өмірін соншалықты күрделі, сүреңсіз, мағынасыз етіп суреттейді. Десе де, оқырман ретінде маған осы қулығына найза бойламайтын әйелдің психологиясы толыққанды ашылмағандай көрінеді. Әйелдің жұмбақтығы қызықтырса да, сол жұмбақты шешуге талпыныс жасағанымда қарама-қарсы сан сауалға кезіктім. Сондай ақылды, қу, көрікті әйелдің, менің жеке пікірімше, «данышпандығы» бірінші күйеуі мен екінші күйеуіне мақала жазып беруде көрінеді. Кім біледі, бәлкім, мен қателесетін шығармын. Әйел көңілдесінен мұраға қалған бір миллионның жартысын өсек-әңгімеден «қорқып», күйеуіне бере салады. Өз үйінде, қонақта көңілдесімен оңаша қалуға қымсынбайтын әйелдің әрекеті сенімсіз-ақ. Автор ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын саналы түрде жасанды көрсетуге тырысса да, сол «жасандылықтың» оқырман ретінде мені жалықтырып жібергенін жасырмаймын. Қысқасы, темекі шегіп тұрып, Форесьтеге, кейіннен Дюруаға жазу үйрететін, тіпті өмір сүру ережесін үйрететін әйелдің Сүйкімді достан оп-оңай жеңіле салатынына сенгім келмейді.
Бұл - Сүйкімді дос пен оның қолғаптай ауыстырған әйелдермен махаббаты жайлы ғана роман емес. Есіңізде ме, Бальзактың «Шегірен былғарысының» басты кейіпкері ойламаған жерден мансап пен даңққа кенеледі ғой. «Сүйкімді достың» басты кейіпкері, өмір сүруге онсыз да епті Дюруаға өздерін ақылды санайтын нағыз «ақымақ» әйелдер жолықты. Оның сиқырлы былғары шегірені болған жоқ, есесіне қай әйелдің көңілін ауласа, қай әйелге үйленсе, бақытын табатынын үйретіп, сайраған «жанды қуыршақтары» болды. Жазу-сызу қолынан келмейтін Дюруаның журналистикада әйелі арқылы жұлдызы жанды. Түйсігімен алысты болжай алатын алаяқ жігіт әп-сәтте жазудың техникасын меңгеріп алды. Ол әйелдерді ғана емес, журналистік кәсіпті де өзінің мүддесіне айналдыруға үйренді. Әрбір жеке адамның мүддесі өзі үшін бәрінен биік тұрады десек те, оның мүддесі тым қорқынышты, тым қымбат еді...
P.S.
Сүйкімді дос өз мүддесі үшін ештеңеден тайынбайды. Ол үшін бәрінен жеке басының мүддесі қымбат. Ал Томпыш ше? Ол әлдекімдердің мүддесі үшін өзін сатты...
А.СЕРІКБАЙҚЫЗЫ
«Жас қазақ» газеті