Қазақстандық актриса Самал Еслямова өз марапаттарының қоржынын тағы толықтырды. 2018 жылғы Канн фест...
Ким Ки Дук: «Мен үшін бірінші орында сюжет...»
Білесіздер, биыл Ресейде өтетін Жастар арасындағы Халықаралық кинофествалдың бас төрешісі болып оңтүстік кореялық шебер, режиссер Ким Ки Дук тағайындалған болатын. Осы орайда Станислав Анисимов (журналист) тұлғаның өзімен сұхбат жүргізді. Беділді бағалау кино түсіруден қиын болса да, режиссер биылғы фестивалге төреші болуға өз келісімін берген. Ким мырза біз білетін бірден бір оңтүстік кореялық гумманист.
- Ким мырза, сіздіңше жаңа көзқарастағы фильм қандай болуы керек?
- Өз фильмдерімде мен адамның әлемдегі және өмірдегі орны туралы сөз қозғауға тырысам. Мен үшін оның ақиқи бейнесі маңызды. Осы жолғы жас режиссерлардың аталған бейнені қалай ашып шығатындығына зор мән бергенді жөн көріп отырмын...
- Кино түсіру үшін алғышартта не маңызды?
- Жалпы кинода бірінші орында сюжет. Жақсы оқиға- жақсы негіз. Ол экранда визуальды әсер қалыптастырады; оқиға орны, композияция, түс. Бірақ мен үшін бірінші орында сценарий. Сосын барып картина...
- Фильмдеріңізде ритуалды дін символикасы көп кездеседі. Себеп?
- Мен сұрақты көп қоятын фильмдерді жақсы көрем. Кинода жауап іздемеймін, дұрыс қойылған сұрақ іздеймін. Себебі олар ойлауға мәжбүрлейді...
- Осы жолғы ресей көрермендеріне ұсынатын фильміңіз "Адам, орын, уақыт және тағы адам" деп аталады екен. Жаңа фильміңіз туралы айтарыңыз...
- Мен алдыңғы фильмдерімде адам мен адам арасындағы конфиликт туралы түсірген едім. Бірақ осы жолғы фильм сіздерге адамға қоршаған ортаның қарсылығы туралы айтады. Картинаның мәні қарапайым: адам табиғат бөлшегі, ол туралы ұмытуға әсте болмайды.
Биылғы шараға 13 кино-картина қатысып отыр. Қай туынды Ким мырзаның эстетикалық талғамынан шығады екен. Кейінірек білеміз...
Материал "Новости культуры" сайтынан алынды
Аударған Еркін Жантас