Жанар Хамитова қайтыс болды

Жаңалықтар
12829

Отандық танымал жұлдыз Жанар Хамитова қайтыс болды. Қаралы хабарды өнер иесімен бірнеше мәрте дуэт айтқан Әбубәкір есімді жас әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.

Әншінің сөзінше, ол қаралы хабарды ести сала, Жанар Хамитованың ағасына хабарласқан.

"Сене алар емеспін. Ардақты Ағайын. Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық.

Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын" , - деп жазды Әбубәкір.

Танымал тележурналист Анна Данченко да Instagram желісінде Жанар Хамитовамен түскен суретін жариялап, астына "иманды болсын" деп жазып қойған.

"Мәдениет порталы" редакциясы Жанар Хамитованың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Жаңалықтар

Өткенде "Форта банктің" "қазақ тілі қажет емес" деген "мәлімдемесі" көпке тарап кетіп, қоғамның қы...

Жаңалықтар

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сот ү...