Бақанастағы сынға ұшыраған Қонаев ескерткіші ашылды

АРХИТЕКТУРА
2907

Алматы облысы, Балқаш ауданы Бақанас елді мекенінде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай ескерткіші ашылды. Бақанас ауылы, Д А.Қонаев атындағы саябағына орнатылған ескерткіш күрті гранитінен жасалған. Тұғырының биіктігі - 2 м, мүсінінің биіктігі - 3,30 м, ескерткіштің тұтастай алғанда – 5,30 м. Мүсіннің авторы – Алтай Бейсенов, сәулетшісі – Бекзат Бейсенова. Ескерткіш демеушілер есебінен тұрғызылды.

Айта кетейік Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне орай ескерткіш 2020 жылдың қазан айында ашылуы керек болған. Алайда Қазнет қолданушылары сынға алып, туған-туыстары да наразылық білдірген болатын. Араға 2 жыл салып, күні кеше тау тұлғаның ескерткіші қайта бой көтерді. 

Ескерткішін ашу құрметі Алматы облысының әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтан, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Исабаев Бейбіт Өксікбайұлынан, мемлекет және қоғам қайраткері Шабдарбаев Амангелді Смағұлұлынан және Дінмұхамед Ахметұлының ұрпағы Эльдар Асқарұлы Қонаевқа берілді.

Ескерткіштің ашылуы салтанатынан кейін Дінмұхамед Қонаев рухына құран бағышталып, ас берілді.

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...

Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлш...