АША МАТАЙ: ДӨКЕЙЛЕР ТЕЛЕАРНАҒА ТОҚАЛДАРЫН ТЫҚПАЛАҒЫСЫ КЕЛЕДІ

ӨСЕК-АЯҢ
3316

Әнші, тележүргізуші Аша Матай жұмысындағы біраз былықтың бетін ашты. Оны ашынған актриса желідегі парақшасында жазған.

 «Кенеттен қызыққа тап болдық қой.. Таяуда ғана, нақтыласақ бір аптадай бұрын мен «Еуразия» бірінші арнасында жаңа телевизиялық жоба жарық көреді дегенмін. Мұндай мәлімдемеден соң, телефоным тыным таппады. Рас айтамын. Оның үстіне «Инстаграм» желісінде жарыса жазған жұртты көрсеңіз.. Соңы жоқ... Елестетіп көріңізші... Бір қызығы қоңыраулардың бірінде маған жоба жүргізушісі болмауымды өтініп, ақша ұсынғандары болды. Түсінгенім, бұл оғаш қылықтың барлығы менің жүргізуші болмауым үшін ойластырылғандай көрінді. Тамсанып отырмын. Бұл әлгіндегі пысықай «көкелер» мен «дөкейлердің» құйтырқы әрекеті деп топшылаймын. Тоқалдарын тықпалағысы келгені болар.

Ия,рас! «Еуразия» арнасы қашан да рейтингі жоғары жобалардың ордасы екені мәлім. Сондықтан болар, батпанқұйрыққа салынып, кей айлакерлердің эфирдің ішкі кухнясына араласқысы кеп жүргені. Ал қолынан келмейтіндер мұндайда ашық түрде аяқ шалмақ болады.

Мұндайда «дайын асқа тік қасық» деген орамды ой санаға оралады. Тіркесті әркім әртүрлі түсінетінін аңғарасың ғой осындайда! Не десе де мен арзан ақша тауып, жеңілдің үстімен жүруден аулақпын. Мен үшін маңдай ақы термен тапқан аз-маз қаржым абыройлы. Ұятты! Сол үшін мендік жол осы. Дәлірек айтсақ, адалы осы!»-деген Матай.

Без категории

Күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан әйел 86 «Шымкент-А...

Шоу-бизнес

Белгілі әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдызды туған күнімен құттықтады, деп хабарлады madeniportal....