Маңғыстау Үстірті – таңғажайып тарғыл дала, тарлаулы Үш түбек, түңкелі ұйық. Қазақ Елінің қиыр...
Алматыда Жүкел Хамайдың «Шөптен туып, шөпке сіңемін...» атты шығармашылық кеші өтеді
27 қыркүйек күні, сағат 16.00-де Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында ақын, аудармашы Жүкел Хамайдың "Шөптен туып, шөпке сіңемін..." атты шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Жүкел Хамай Абай Құнанбайұлының толық шығармаларын Моңғол тіліне көркем аударғаны үшін Түрік тілдес халықтар ІІ поэзия фестивалінің лауреаты атанған. «Шуақты сезім» (1986), «Жылу, сәуле» (1987), «Топырақ-тозаң» (1989), «Ақтық сөз» (1992) ұжымдық жинақтарына өлеңдері енген. Құран сүрелерін, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін, Сейітхан Әбілқасымұлының «Қара боран» романын, М.Егеуханның «Ару арманы» жинағын, Махамбет Өтемісүлының жырларын, Мұхтар Мағауиннің «Шыңғыс ханның шарапаты» шығармасын, Жамбыл Жабаев, Ақыт Үлімжіұлы, Мағжан Жұмабаев, Мүқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжімеденов, Олжас Сүлейменовтің шығармаларын Моңғол тіліне аударған.