Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет үйіндегі № 123 сайлау учаскесінде Алтын адам бейнесінде киінген азам...
«Орда» тобындағы ағайынды жігіттердің ата-анасы қаза болды
Қарағанды облысында Теміртау қаласының маңында жеңіл және жүк көліктері соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында «Орда» тобының негізін қалаушы Ерболат, Есболат, Жанболат Беделхандардың ата-анасы - Машанұлы Беделхан мен Әбілханқызы Гүлжәмилә бар.
Көлік оқиғасы 11 қазан күні Бұқар Жырау ауданында, Теміртау қаласынан 2 шақырым жерде болған.
«Volkswagen» автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі «Теміртау-Астана» автожолының қарсы бағытына шығып, 28 жастағы ер адамның басқаруындағы «Scania» маркалы жүк автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Volkswagen» автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345 бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Марқұмдар жас кездерінен сахнаға бірге шығып, халық әндерін қос дауыста шырқап, Моңғолия мен Қазақстан өнеріне өлшеусіз үлес қосқан талантты жандар еді. "Мәдениет порталы" ұжымы марқұмдардың туыс-туғандарына қайғыра көңіл айтады.
"Саялы өзен". әні мен сөзі: З.Садырбайұлы. Орындаған: Беделхан МАШАНҰЛЫ, Гүлжәмилә ӘБІЛХАНҚЫЗЫ
Халық әні: "Дей салдым-ай" Орындаған: Беделхан МАШАНҰЛЫ, Гүлжәмилә ӘБІЛХАНҚЫЗЫ
madeniportal.kz