Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі мемлекет қарауына алынды. Бұл туралы Қазақстан Ж...
Ақтоты Райымқұлова, енді қашан жауап бересіз?!
Белгілі шежіретанушы, тарихшы Нұржан Сәдірбекұлы «Мәдениет порталының» электронды поштасына хат жолдапты. Онда ол архивтерді Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағынан шығару керек деген ұсынысын айтқан екен. "Мен архив қызметкері, шежіретанушы ретінде еліміздегі архивтердің қызметін жақсарту жолында біраз тер төгіп келемін. Архивтерден қандай да бір құжат алу көптеген кедергілерге ұшырайды. Өйткені бізде бұл сала заңмен толыққанды реттелмеген", дей келе шағымданушы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға жазған хатының мәтінін ұсынған.
Құрметті министр! Менің білгім келгені – мұрағат материалдарын пайдалануға қойылатын шектеу қалай реттеледі? 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-1 «Ұлттық архив қоры мен архив туралы» заңында тек төмендегідей жолдарды таптым: Жеке адамдар құжаттарын пайдалануға шектеу мерзімін архивке берілген кезден бастап 70 жылдан аспайтын уақытқа белгілей алады (7-бап, 8-тармақ).
Мысалы, Ресейдің архивтік заңнамаларында жеке және отбасылық құпияларға қатысты құжатарға 75 жылдық шектеу бар, осы уақыт бітісімен сол құжаттар барлық адамдарға қолжетімді болады (әрине, бұл жерегі сөз мемлекеттік құпияға қатысты емес).
Ал Қазақстанда мұндай шектеулер арнайы реттелмеген, сондықтан әрбір Қорқұрушы тұлға құжаттарға шектеуді алу-алмауды өзі шеше ме? Архивті сақтау мен тіркеу ережелерінде тағы да Қорқұрушыларға сілтеме жасалады. Міне, мысалы, Бас прокуратура мен ІІМ мекемелерінде сақталған құжаттарды қалай алуға болады?
Сәйкес стандарттар мен регламенттерде мұндай жағдайда туыстық қатынасты растайтын құжат керек делінген – «Ұлтттық архив қоры туралы» заңдағы осы мәселе бойынша түсініктеменің жоқтығы мұндай талаптың мерзімі шексіз дегенді білдіре ме?
P.S. Айта кету керек, бұдан бұрын осы мәселе бойынша Әділет Министрлігіне хат жолдаған болатынмын (хат нөмірі - 568722, 13.09.2018ж), ондағылар бұл мәселені мәдениет және спорт министрлігі қарайды деп жауап берді.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың атына жазылған хатты электронды үкімет арқылы 2019 жылдың 18 қыркүйегінде жіберген болатынмын. Бір айдан асты ешкім жауап бермеді. Не себептен әлі күнге дейін жауап берген жоқ. Неге?! Ақтоты Райымқұлова, енді қашан жауап бересіздер?!
madeniportal.kz