Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақ...
Әбу Насыр Әл-Фараби. Логика
ЛОГИКА БОЙЫНША КІРІСПЕ
МЕЙІРІМІ МЕН ІЗГІЛІГІ МОЛ АЛЛАНЫҢ АТЫМЕН!
ЛОГИКА ӨНЕРІН ОҚЫП-ҮЙРЕНУГЕ ТІЛЕК
БІЛДІРГЕНГЕ, БІЛУГЕ ҚАЖЕТ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН,
СОНЫ ҚАМТИТЫН ТАРАУЛАР
Бірінші тарау
Әрбір өнерде қолданылатын сөздердің арасында, араб тілінде [сөйлейтін] халыққа олар белгісіз болып келетін, сондайлары бар, олар қайсыбір өнер түрінде, мысалы хатшылық өнеріндегі «анд-жихадж» /2/ және «ауаридж» /3/ сияқты, тек [білікті] адамдармен қолданылатындары бар, ол сонымен бірге, олар халыққа танымал, алайда оларды өнердің бұл түрінен хабардар адамдар бір мағынада, ал халық басқасында, мысалы, хатшылық өнерінде [халықта да] «зимам» /4/ осылай қолданылады. Хатшылар Бұл сөзді бір мағынада, олар өнерде халық арасында жүрген мағыналарымен, немесе халықта да өнерде де ұқсас мағыналарының арқасында, немесе олар солармен қайсыбір басқа түрде байланысты болып келетін, мағыналарымен ауысатындары бар.
Халықтағы жалпы белгілі сөздердің арасында, олар халық арасындағы мағыналармен, өнерден [хабардарлармен] бірдей қолданылатындары да кездеседі. Егер халыққа жалпы танымал сөздер өнердің қайсыбір [саласында] қолданылатын болса, бірақ өнердің Бұл түрінен [жетік] адамдар оларды халықтан өзгеше түсінетін болса, онда оларды қалай халық түсінетінінен емес, ал өнердің бұл түрінен [хабардар] адамдар қалай ұғынатынынан шығу керек. Ендеше, қашан хатшы өз өнерінде «зимам» сөзін естігенде немесе пайдаланғанда, онда ол Бұл жерде түйелердің «зимамынан» басқаны түсінеді. Дәл солай, қашан араб грамматиктері «раф», «насб» және «хафд» /5/ сөздерін естігенде немесе пайдаланғанда, онда Бұл атауларды грамматик еместер қолданатын мағыналарда түсінудің олар үшін қажеті жоқ. Және қашан грамматик, халық арасында пайдаланатыннан, басқа мағыналарда Бұл оның тарапынан кез келген жағдайда бұл қателік те, дұрыстан алшақтау да емес. Бұл [қағида] басқа өнерлерге де таралады.
Екінші тарау
Танылатын заттардың арасында кейбірі дәлелдерді келтірусіз, ойланусыз, пайымдаусыз және қорытынды шығарусыз, ал басқалары ойланумен, пайымдаумен және салдар шығарумен танылады. Қайсыбір ойланусыз немесе дәлелдер келтірусіз танылатын немесе бар болатын заттар - төрт түрлі: қабылданғандар, жалпы белгілілер, сезіммен қабылданатындар және бірінші ақылмен ұғынылатындар /6/.
Қабылданғандар - бұлар, бір еңбегі сіңген тұлғаның [бекітуімен] немесе еңбегі сіңген тұлғаның қолдауына ие болуымен қабылданатындар.
Жалпы белгілілер - бұлар, барлық немесе көпшілік адамдардың арасында немесе ғалымдар және олардың дана өкілдерінің ортасында, немесе соңғылардың көпшілік бөлігінің арасында кең тараған, осында оларға ешбір адам қайшы келмейтін [мысалы, «ата-ананы құрметтеу парыз болып табылады», «қамқоршыға ризашылық - игілік, ал жақсылықты білмеу - жамандық»], немесе өнердің кез келген түрінде [хабардар] адамдарға жалпы белгілі, немесе өнердің бұл түрінде атағы шыққан адамдардың көзқарастары. Мысалы, жалпы дәрігерлерге немесе олардың арасындағы айрықша шеберлеріне тән жалпы белгілілер.
Сезіммен қабылданатындар - бұлар, бес сезім мүшелерінің бірімен түйсінілетін, заттар. Мысалы, «Зейд осында отыр». Немесе «Қазір - күндіз».
Бірінші ақылмен ұғынылатындар - бұлар, олар бізге туа біте белгілі болатындай және табиғат бойынша, ол мүлдем басқаша бола алмайтын, расталған ақиқат пен білім сияқты көрінетін заттар деп, олар туралы біздің өзіміз пайымдайтындар. Және біз ең басынан, қалай және қайдан олар бізге келетінін, біз білмейміз. Мысалы: «Әрбір үштік - тақ сан, ал әрбір төрттік жұп сан», «Заттың әрбір бөлігі Бұл заттың өзінен кіші, ал әрбір тұтастық оның бөліктерінен үлкен», «Үшіншіге тепе-тең, екі мөлшерлер өзара да тепе-тең» және т.б. Білімнің осы түрлерінен, барлық басқасын біз пайымдау және қорытып шығару арқылы танимыз.
Үшінші бөлім
Зат бірдемеде, бірдеменің қасында, бірдеме үшін, бірдемемен, бірдемеден мәнді немесе акцидентальды өмір сүре алады \7\.
Оның мәндік болмысы заттың мәні мен табиғаты бірдемеде, бірдемемен, бірдеменің қасында, бірдеме үшін, бірдемеден өмір сүруі сипатты болатындығында, немесе ол бірдемеде, бірдеменің қасында, бірдемемен зат өмір сүретінде мәнді түрде тән болатындығында тұр немесе бұл оның да және соның да мәніне бірдей тән.
Оның болмысының акцидентальдығы бірде-бір [заттардың] мәні мен табиғатындағы ұсталмайтындығында тұр. Мәнді болып табылатынның мысалына соғымға союмен келетін [жануардың] өлімі жатады, өйткені ол соғымға союға мәнді тән; бесті екіге көбейту нәтижесінде онның мәнді өмір сүруін береді. Акцидентальды болатынның мысалына пәленше жердегі найзағай және осы сәтте өліп бара жатқан жануар жатады. Өлім мен найзағайдың дәлме-дәл келуі мәнді емес, ол акцидентальды, өйткені өлімнің табиғатына найзағай кезінде өмір сүру тән емес. Тап осылай бұл найзағайдың табиғатына тән емес. Бұл мәнді емес, ал акцидентальды өмір сүретіннің бәріне қатысты. Мәнді болып табылатын немесе қашанда, немесе басым бөлігінде өмір сүреді. Қашанда мәндінің мысалына, соның нәтижесінде қашанда елу шығатын, бесті онға көбейту жатады. Көп бөлігінде болатынның мысалына кәріліктегі ақ шаш, қыстағы суық және т.б. жатады. Бір зат басқасының алдын бес жағдайда алады деп айтылады: 1) уақытта, 2) табиғаты бойынша, 3) жайы бойынша, 4) артықшылығы, ізгітектілігі, жетілгендігі бойынша және 5) басқа зат өмір сүруінің себебі сапасында.
1) Уақытта алдын алу немесе өткен шақта болады және сонда [алдын алушы] - бұл оның уақыты қазіргіден алыс тұрған, ал келесі - бұл оның уақыты қазіргіге жақын тұратын, немесе болашақта күтілетін, және сонда алдын алушы - бұл оның уақыты қазіргіге жақын тұрған, ал келесі - бұл оның уақыты қазіргіден алыс тұрған.
2) Табиғаты бойынша алдын алушы, қашан басқа зат өмір сүргенде және бұл заттың жоғалуымен ол жоғалып кетпегенде, қажетті түрде өмір сүреді. Бірақ егер ол жоғалып кетсе, онда шарасыз бұл басқа затта жоғалып кетеді, дегенмен егер ол, онда осыдан басқа [заттың] өмір сүретіндігі қажеттілікпен шықпайды. Мысал - бір және екі. Бір, әрине, екінің алдын алады және екінің өмір сүргенінде қажеттілікпен болады және сонымен бірге екі жоғалғанда ғайып болмайды. Бірақ егер бір жоғалып кетсе, онда қажеттілікпен екі де жоғалып кетеді, әйтсе де егер бір өмір сүрсе, онда осыдан екінің қажеттілікпен өмір сүретіндігі шықпайды. Жануар мен адамның арақатынасы да тап осындай. Егер адам өмір сүрсе, онда қажеттілікпен жануар да өмір сүреді, бірақ егер адам жоғалып кетсе, алайда осыдан жануар жоғалмайды. Дегенмен егер жануар жоғалса, онда адам да жоғалады, ал қашан [жануар] өмір сүргенде, онда осыдан адамның қажеттілікпен өмір сүретіндігі шықпайды. Ендеше, жануар, табиғи түрде, адамның алдын алады.
3) Жайы бойынша алдын алатын, бұл орынға қатысты ма немесе қайсыбір белгілі тәртіпке ие басқаға қатысты ма, бірдей, бастапқы нүктеге ең жақын тұратын. Мысалы, сөз және кітаптың кіріспесі негізгі әңгіменің алдын алады; патшада Зейд мәжілістің басында тұрады.
4) Артықшылығы немесе жетілуі бойынша алдын алатынның мысалына олардың бірі басқасына қарағанда медицинада көбірек жетілген болып табылатын және көбірек жетілгені медицинада басқасынан артып түсетіні туралы, екі дәрігер жөніндегі әңгіме жатады. Және дәл солай, олардың бірі басқасынан ізгі тектілігі бойынша артып түсетін, екі түр [туралы айтуға болады]: егер, мысалы, даналық пен би өнерін салыстыратын болсақ, онда дана ізгі тектілігі бойынша бишіден артық болады.
5) Себебі бойынша алдын алатын - бұл, болмыстың қажетті байланысында тең құнды болып табылатын, екі затты өзіне енгізетін, сондай себеп. Мысалы, күннің атуы мен күндізгінің өмір сүруі. Егер күндізгі бар болса, онда осыдан қажеттілікпен күннің атқаны шығады, ал егер күн атқан болса, онда қажеттілікпен күндізгінің бар екендігі шығады. Бұл [құбылыстар] болмыстың қажетті байланысында тең құнды, алайда күннің көтерілуі күндізгінің өмір сүруінің себебіне жатады, бірақ күндізгінің бар екендігі күннің атуының себебі болып табылмайды. Ендеше, күннің атуы, себеп ретінде және басқа ештеңе емес, күндізгінің алдын алады деп айтады.
Олар уақытта салдардың алдын ала олардан шығатын себептер мүмкін; мысалы, құрылысшы және қабырға, өйткені [құрылысшы] өзінде алдын алуды екі мағынада біріктіреді: себеп ретінде және уақытта. Дәл солай бір зат барлық бұл мағыналарда немесе олардың көпшілігінде алдын алуы мүмкін. Және қайсыбір зат бірінде бірдеменің алдын алып, басқасында одан кейін жүруі де мүмкін. Айталық, екі дәрігер бар, бірі - кәрілеу, екіншісі - жас, оның үстіне артықтау шебері жас болсын. Дегенмен жасы уақыты жағынан кейін ілесетіні болғанымен, жетілгендігінде бірақ ол алдын алушы.
Бесінші бөлім
Ұғынылған сөйлеулер /8/ қарапайымдар немесе күрделілер, [яғни] қарапайымдар емес болады. Қарапайымдар үш түрлі [болады]: «есім», «сөз» және «құрал». «Сөз» деп араб грамматиктері етістікті түсінеді, ал «құрал» деп олар идеямен байланысты демеулік шылауды айтады /9/.
Есім - бұл идеяны білдіретін, қарапайым сөйлеу, ол өз мәнімен, құрылымымен және формасымен бұл идеяның [өмір сүру] уақытын көрсетпей-ақ, дербес және өзі өзімен түсініле алады. Қашан сіз, мысалы: «жануар», «адам», «Зейд», «Амр», «ақтық», «қаралық» деп айтуыңызда осылай, онда бұл айтылымдардың әрқайсысы идеяны білдіретін қарапайым сөздер болып табылады, олар өздерімен өздері ұғыныла және түсініле алады, және олардың бірі де өз мәнімен және формасымен олар оны білдіретін, идеяның [өмір сүру] уақытын көрсетпейді.
Етістік - бұл дербес және өзі өзімен түсініле алатын және сол мезгілде өзінің құрылымы мен мәні бойынша онда бұл идея өмір сүретін, қарапайым айтылым. Мысалы, қашан сіз «келе жатыр», «жүріп келеді», «барады» деп айтқаныңызда, бұл айтылымдардың бәрі идеяны білдіреді және сол уақытта олар акцидентальды емес, ал мәнді түрде өзінің формаларымен және мәнділіктерімен бұл идеяның [өмір сүру] уақытын көрсетеді.
Демеулік шылау - бұл идеяны білдіретін, бірақ дербес және өзі өзімен түсінілетін емес, ол тек есімге немесе етістікке, немесе оған да және соған да қосылуы арқылы түсініле алатын, қарапайым айтылым; мысалы, қашан біз «одан», «үстінде» және т.б. деп айтқанда осылай болады.
Есім етістіктен, ол онда өмір сүретін уақытты өз мәні және құрылымымен көрсетпей-ақ, идеяны білдіруімен ерекшеленеді, ол сол мезгілде етістік өз құрылымы мен мәнінде, сонда ол өмір сүретін уақытты көрсетеді, яғни ол екі нәрсені көрсетеді: идеяны және идея [өмір сүретін] уақытты. бұл себеп бойынша «кеше», «ертең», «бүгін» сөздері етістік болып табылмайды, себебі олардың әрбірі, бұл уақытта [өмір сүретін] идеяны еске алмай, бірінші ретте уақытты көрсетеді, өйткені бұл айтылымдардың әрбірін білдіретін идея, белгілі бір уақытты білдіреді және бұл оның бірінші мағынасы болып табылады. Солай мысалы, «жануар» сөзі, оны ол бірінші ретте белгілейтін идеяны, атап айтқанда сезуші денені білдіреді. Дәл солай «жыл», «ай», «сағат» сөздері етістіктер емес, ол атаулар болып табылады, өйткені олар идеяның [өмір сүру] уақытына сілтемейді, оны олар бірінші ретте белгілейді, егер бұл осылай болса, онда олар уақыттың уақытын білдіретін болар еді, ал бұл қисынсыз және бұл сөздерде ұсталып тұрмайды.
Есімнің анықтамасынан, ол өз мәні мен уақытты көрсетпейтіндігі, көзге анық. Солай, қашан біз жүру туралы және қозғалыс тағы жалпы іс-әрекеттер туралы айтқанымызда, олар уақытта өмір сүретіндіктен, оларды таңбалайтын айтылымдар да уақытты көрсетілетіндігі ұйғарылады. Бірақ бұл осылай емес, өйткені қозғалыс шынында да [уақытты] көрсетеді және уақытпен байланысты, ал сонда [оларды белгілейтін] айтылымдар өз құрылымында, өмірмен байланысты, оз формасы бойынша уақытты мәнді көрсетпей, тек идеяны көрсетеді.
Акцидентальды олар идеяның [өмір сүру] уақытын көрсетеді. Солай, «ақтылық» айтылымы, ол одан бөлінбейтін, денемен байланысты идеяны көрсетеді, бірақ ол өзінің құрылымымен, одан ақ түс ажырамайтын, дүниені көрсетпейді. Дәл солай «жүру» және «қозғалыс», уақыттан бөлінбейтін идеяны дегенмен көрсеткенімен, мәнділігі жағынан уақытты белгілемейді.
Идеяның [өмір сүру] уақытын көрсете отырып, етістік сол мезгілде, онда идея өмір сүретін субстратқа жалпы алғанда көрсете алады, сонымен ол идеямен байланысты субстратты белгілейтіндей болады. Мысалы, «жүріп келеді» деген біздің айтуымыз жүруді, жүру уақытын және кімді ол сипаттайтынның есімін ашпай-ақ, неде жүру [жүзеге асатынын] көрсетеді. Олар белгілейтін сол субстраттың формалары білдіретін, есімдермен осыны етістік бөліседі. Мысалы, «ақ», «қара», «соғушы», «қозғалушы», «батыл», «шешен» сияқты біздің айтуларымыз.
Бұл сөйлеулердің әрқайсысы жалпы түрде олардың субстраттарын көрсетеді, өйткені «ақтылық» тек идеяны, бірақ дерексіз, субстратсыз белгілей алады және дәл солай «батылдық», «шешендік»; алайда «ақ», «батыл» және «шешен» ақтылықты, батылдықты, шешендікті және оларда бұлар өмір сүретін субстраттарды да көрсетеді. Осы себеппен соңғылары туралы, олар етістіктерге енеді деп, ұйғаруға болады. Бұл, әсіресе, оларға уақытпен байланыстылық тән болып табылатын, іс-әрекеттер және қозғалыстардан туындайтын есімдерге қатысты. Оларды ұғынуда ақылда уақыт туралы түсінік пайда болады. Мысалы, «жүруші», «соғушы», «ауқаттанушы», «ішуші» және соларға ұқсас біздің айтуларымыз.
Осы себеп бойынша, бұл айтылымдар есімдер емес, ал етістіктер болып табылады деп, көптеген ежелгілер ойлаған, себебі олар өз мәнімен, оларда солар өмір сүретін және идеяның [өмір сүру] уақытын тек акцидентальды білдіретін субстраттарды көрсетеді. Оларды ұғынуда және түсінуде, олардың идеялары уақытты біздің түсінуімізге енгізетіндіктен, онда олар уақытты көрсетіп тұрмыз деп ұйғарады. Бірақ бұл осылай емес. Және егер ол осылай болса, онда о л тек акцидентальды.
Етістіктер өмір сүру етістіктері және өмір сүруге жатпайтын етістіктер болып бөлінеді. Өмір сүру етістіктері - бұлар, мысалы, «болды», «бар», «өмір сүрді», «өмір сүреді», «қалыптасты», «қалыптасып келеді» және солармен ұқсас, солардың орнын баса алатындар, өйткені кейде олардың орнына «таңертең болды», «кеште болды» және «күні бойы болды» дегендер қолданыла береді. Осыларға ұқсас және олардың орнын ауыстыратын етістіктерде өмір сүру етістіктері /10/ деп аталды, себебі олар бір зат болмысын басқасымен қатысты және бастауыштың баяндауышпен байланысын білдіру үшін пайдаланылады. Қашан біз; мысалы, егер ол кететін болса, «Зейд кеткенімен бар» және «Зейд ғалым болды» дегенімізде, егер ол өмір сүретін болса, не жасалып шықса, тап осылай.
Бұл өмір сүру етістіктері, қашан бастауыш пен баяндауыш - екеуі атаулар болса, және біз үш уақытты белгілегіміз келсе, олар жалғаулар ретінде қолданылады. Мысалы, «Зейд шешен болды» және «Зейд - шешен» деп біздің айтуымызда, дәл осылай. Қазіргі уақытта әдетте арабтар өмір сүру етістігін айқын пайдаланбайды, қашан біз: «Зейд - шешен» деп айтқанымызда, оны тек есте ұстап тұрады, себебі бұл екі сөзбен олар «шешен болып табылады» дегенді ойда ұстайды.
Сонымен өмір сүру етістігі әлде оны ауыстыратын, қазіргі уақытқа қолданылғанда міне осындай айтылымды білдіреді.
Есімнің айрықша белгісіне оның бастауыш немесе мысалы, «Зейд - адам» деп айтқанда, бастауыш та, баяндауыш та атау болып табылатындай, басқа затқа қосылуға мұқтаждық білдірмейтін, өзі-өзімен баяндауыш бола алатындығы жатады. Басқа жағынан етістік дербес, басқа затқа қосылуды керек қылмай баяндауыш бола алады; егер тек сәйкес [сөйлемшеге] қосылмаса, ол бастауыш бола алмайды. Солай, «Жүретін - бұл сол және сол» деп айтуға болмайды, ол «Жүріп келе жатқан адам болып табылады» деп, «жүр» дегенге «олды» қосып айту керек. Былай айтады: «Зейд жүр», осында «жүрді» қоспай түр, ал бұл баяндауыш - соған сәйкес [сөйлемшеге] немесе тағы бірдемеге, дегенмен көптеген ежелгілер атаудың айрықша белгісі, ол өз мәні бойынша, егер тек тура немесе жанама өмір сүру етістігімен қосылмаса, баяндауыш емес, ал бастауыш болып табылады деп есептеген, сол уақытта етістіктің айрықша белгісіне оның оз мәні бойынша баяндауыш болатындығы және егер ол тек соған сәйкес [сөйлемшеге] қосылса ғана бастауыш болып табылатындығы жатады. Өйткені ежелгілер «Зейд - адам» деген айтылымда, егер тек тура немесе жанама осы жерде «болады» деген соз немесе оны ауыстырушы ұйғарылмаса, «адам» сөзі етістік болып табылмайды. «Адам» [сөзі], олардың пікірінше, тек қашан «болады» деген созбен қосылғанда етістік болып табылады. «Адам болып табылады», «адам болды» немесе «адам болып келді» деп айтады.
Демеулік шылаудың ерекшелігі оның бастауыш та, баяндауыш та болып табылмайтындығында тұр /11/. Мысалы, қашан біз «немесе», «жоқ», «содан» деп айтқанда осылай. Бірақ олардың көпшілігі баяндауыш немесе бастауыштың бөлігі бола алады. Мысалы, «Зейд үйде болды» дегенде «Зейд» - бастауыш, «үйде» баяндауыш, сол уақытта «болды» - бұл бастауышты баяндауышпен біріктіретін және баяндауыштың өмір сүру уақытын көрсететін, өмір сүру етістігі.
Етістіктің айрықша бір белгісіне, қашан ол баяндауыш болып табылғанда, өзінің бастауышпен қосылуы үшін қайсыбір басқаны керек қылмай, ал өзі-өзімен бастауышпен қосыла алатындығы жатады. Мысалы, «Зейд жүр» деген біздің айтуымызда тап осылай, ал баяндауышты - предикат деп атайды.
Күрделі сөйлемдер бұл үш тектерден [сөздерден] - немесе олардың бәрінен немесе екеулерінен тұрады. Күрделі сөйлемдердің екі алғашқы түрі бар: олардың бірі хабарлаушы қосындыны, ал басқасы - шарттыны, ерекшені және шектеушіні өзінде ұстап тұрады /12/. Хабарлаушы қосындыны біріктіретін сөйлемнің мысалына біздің мынадай айтуымыз жатады: «Зейд-хатшы», «Ақ адам», «Зейдтің досы» және т.б. Күрделі сөйлемге, онда бөлік идеяның тұтас жиынтығын белгілейтін, бірақ оның бөлігі, мысалы, біз «Кайс Айлан», «Абд Шамс» және т.б. және тұлғаны белгілейтіндегіндей, оның бір бөлігі идеяның бөлігін белгілейтін жағдайды қоса, осындайлар жатады. Бірақ оның бөлігі, мысалы «Абд» немесе «Шамс», тұтас тұлғаның бөлігін белгілемейді.
Тұтастық идея тұтастығын көрсетуінің, ал оның бөлігі - бұл идея бөлігін белгілеуінің мысалына біздің мынадай айтылымдарымыз жатады: «Даналықты таңдаушы», «Зейдтің досы» және «Ақ адам». Олардың бөлігі тұтастықтың бөлігін белгілейтін, күрделі сөйлемдер қарапайым сөйлемдерге ұқсас. Оларда бөлік тұтастықтың бөлігін белгілейтін, сол сөйлемдерді логиктер кесімді айтылым, сөйлем және пайымдау деп атайды. Мысалы, біз «Зейд жүр» және «Адам - жануар» деп айтқанда тап осылай. Анықтама - бұл қайсыбір атаумен, шектелген үйлесумен белгіленетін, солар арқылы ол өмір сүретін, заттардың көмегімен идеяны түсіндіретін айтылым.
Суреттеу - Бұл шектеулі үйлесімді қайсыбір атаумен белгіленетін, олар арқылы бұл идея өмір сүрмейтін, ал олардың өздері осы идея арқылы өмір сүретін, сондай күйлер мен заттардың көмегімен идеяны түсіндіретін, айтылым. Мысалы, «қабырға» - бұл екі айтылымдармен түсіндіріле алатын, идеяны білдіретін, атау. Олардың бірі бойынша, бұл тастардан, кірпіштерден немесе саз балшықтан, үйдің шатырын ұстап түру үшін салынған, тік дене. Басқасына сәйкес, бұл сыланған, оған есіктер, тіреулер және сыртқы дәліздер қосылған, оған отырушы сүйене алатын, дене. Бірінші айтылған «қабырға» атауының идеясын, олар арқылы ол өмір сүретін, заттардың көмегімен, сол уақытта екінші айтылған, олар арқылы ол өмір сүретін заттардың көмегінсіз түсіндіреді, өйткені қабырғаның мәні, оған есіктер, тіреулер, сыртқы дәліздер қосылмағанынан немесе оған әлдекім сүйенбейтіннен зардап шекпейді, ал сол уақытта кірпіштерсіз, тассыз немесе саз балшықсыз қабырға өмір сүрмейді. Бірінші айтылған қабырғаның анықтамасы, ал екіншісі - оның суреттемесі /13/ болып табылады және басқа барлық жағдайларда тап осылай.
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
Логика бойынша кіріспе
1. Түпнұсқасында Фусул йухтаджу илайха фи сына'am әл-мантик деп аталатын, Бұл жұмыс пропедевтикалық сипатқа ие, ол қалай стильде болсын, солай логикалық мәселелерді түсіндіру тәсілінде болсын көрініс табады. Бұл мәселелердің санатында ерек¬ше түйінді орынды грамматика мен логиканың байланысы мәселесі алады. Оның үстіне әл-Фараби, рационалдыны интуициялықтан бөле отырып, білім қайнарларын талдауға тоқталады. Ол арнаулы түрде алғы мен кейінгінің түрлі мағыналарына байланысты шынайы мен кездейсоқты, себеп пен салдарды анықтайды, сөйлем бөліктерінің логикалық функция сын түсіндіреді. Бұл трактатты аударуда, Д.М. Данлоп Стамбұлдағы Хамидийе кітапханасында сақталған қолжазба бойынша жарияланған араб мәтіні пайдаланылды, ол Париждегі Ұлттық кітапханада сақталған қолжазбамен (anc. fond. 303) салыстырыла пайдаланылды. Оның үстіне бұл трактат аз белгілі. Братислава университетіндегі қолжазбамен салыстырыла тексерілді.
2. Антик дәстүріне сай әл-Фараби барлық ғылымдарды теориялық және практикалыққа бөледі. Теориялық білімді ол ғылым, ал практикалықты - өнер, кәсіп деп атайды.
3. Анджихадж - үзінді, жазба. Ауаридж - кеңсе кітабы. Бұл таза бухгалтерлік терминдер күнделікті қолданылмайды.
4. Зиман - а) бухгалтерлік кітаптарды тексеру; б) жүген.
5. Раф - а) атау септігіндегі «у» дауыстысы; б) сөзбе-сөз - көтеру.
Насб - а) табыс септігіндегі «а» дауыстысы; б) сөзбе-сөз жоғарылау.
Орта ғасырларда араб тілді философия мен ғылымның дамуы, философиялық және табиғаттанулық ұғымдарды дәлме-дәл білдіретін терминологияны араб тіліне ендіруді талап етті. Осыған байланысты, олар араб тілін байытқан және оны өте нәзік сәттерді білдіруге қабілетті құрал-жабдыққа айналдырған, тәсілдерді араб философиясы жасап шығара бастады. Философтар, заңгерлер, геологтар, филологтар оз пәндері бойынша жаңа терминдерді жасап шығара бастады, кейде олар күнделікті сөзде қолданылатын сөздерді жаңа, абстрактылы мағынада пайдаланды.
6. Әл-Фараби «белгілі пайымдаулардың» төрт жақты жіктемесін береді, олар силлогистік емес жолмен алынады. Бұл - қабылданған пікірлер, жалпы белгілі заттар, сезімдік - қабылданатын және бірінші ақылмен аңдалатын заттар (салыс. Аристотель. Бірінші аналитика. I кітап. М., 1952, 10 б.).
7. Аристотель сияқты, әл-Фараби заттардың тек мәнін қарастырмады, сонымен бірге олардың акциденцияларын табиғи құбылыстардың қажетті және кездейсоқ байланыстарын анықтау үшін зерттеді.
8. Алфаз дәллә - ұғынылған сөз, айтулар, қазіргі тілде бұл байланыстырушы сөздер, олар сол немесе басқа мағынаны білдіреді. әл-Фараби өзінің логикалық ілімінде таңба туралы мәселені, сол немесе басқа тілдік таңба білімнің қайсы түріне жататынын анықтау үшін қарастырады. Кез келген ұғым немесе пайымдау соз немесе сөздер тіркесімен білдіріледі, бірақ әрбір соз бен сөздер тіркесі ұғымдар мен пайымдауларды білдіре бермейді. Ойшылды тек олар ұғымдар мен пайымдауларды білдіретін сөздер мен сөйлемдер қызықтырады.
9. Грамматикалық категориялар: «есім», «етістік», «шылау» әл- Фарабиді логикалық тұрғыдан қызықтыратындықтан, ол «етістік» және «жалғау» сияқты ұғымдарды, араб тілінде жалпықабылдаиган терминологияда емес, ал грек тілінен нұсқа жасау арқылы кел-тіреді:
а) калима - сөзбе-сөз «соз», логикада «етістікті» білдіреді, оны араб грамматиктері фи'л сөзімен білдіреді.
б) 'ала - сөзбе-сөз «құрал», логикада «бөлікті» білдіреді, араб грамматиктері оны харф сөзімен білдіреді.
әл-Фараби логика тұрғысынан «бөлік» деп атайтын, грамматикадағыдан басқаша. Бөлік деп ол айтылымның бөлігін, элементін түсінеді, оны логикада байланыстырушы (көпула) деп анықтай бастады.
10. Есімдер мен етістіктер өздерімен өздері аяқталған ойды білдірмейді. Тек қана «болды», «бар», «болады» сияқты етістіктер мен есімдердің қосылуымен аяқталған ой білдіріледі. Оны әл-Фараби өмір сүру етістігі деп атаған және байланыстырушы ретінде бөліп көрсеткен, сол етістікті Аристотель бөлмеген және баяндауышқа жатқызған.
11. Біз «бастауыш» және «баяндауыш» терминдерін грамматикалық категорияларды, ал «субъект» және «предикат» терминдерін логикалық категорияларды білдіру үшін қолданамыз.
12. Таркиб такийид - «шектеудің үйлесуі». Шектеу процесі көбірек жалпыдан аздау жалпы ұғымдарды құрастыруда тур. Қарама-қарсы процесс жалпылау деп аталады.
Таркиб истисна' - «шегерудің үйлесуі». Бәлкім, мұнда соз жалпылау туралы шығар, себебі шартты пайымдауда альтернативтерді алып тастау жалпы ұғымды береді.
Аль-Фараби. Логические трактаты.
Алма-Ата. Наука, 1975. С. 99-120.