Қазақтың қасиетін тану - Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу - Абай тағылымын...
Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл сөздерін ұсынамыз
14282
Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.
Шыншылдық адалдықпен ағалас.
Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады.
Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс.
Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.
Жүргендер көп достық атын малданып, Қалмағайсың сен де бірде алданып.
Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді.
Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.
Шын білім – ақиқат, анық білім.
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.
Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек.
Мінез – жанның айнасы.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
Сұлу саз жан сергітеді.
Тән ауырса – жан да ауырады.
Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді.
Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі.
Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.
Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.
Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік.
Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.