Шымкентте үшінші қабаттың терезесінен баланы лақтырып жіберген ақыл-есі кем ер адамға қатысты сот үк...
Мейрамбек Бесбаев & Ғазизхан Шекербеков – Достарға
Əні: Ғазизхан Шекербеков
Сөзі: Ершат Қайболдин
Дүниеге келмей - қайда келесің?
Өмірдің білдім майдан-егесін.
Достың алдында ақ адал болсаң,
Дұшпаныңнан да пайда көресің...
Басыма бүгін бақ та қонады,
Тастай көңілім мақта болады.
Бір жауым мені даттаған кезде,
Көп досым мақтап, ақтап алады.
[Қайырмасы]
Бұлттанып тұрып, күндей күлемін,
Доспен дұшпанға бірдей тілегім.
Бір жауым менің болмаса егер,
Көп досым барын білмейтін едім.
Бұлттанып тұрып, күндей күлемін,
Доспен дұшпанға бірдей тілегім.
Бір жауым менің болмаса егер,
Көп досым барын білмейтін едім.
Жеңсем деп дұшпан мұрат қылады,
Жүзеге аспас бірақ бұлары...
Бір жауым мені күлкі қылғанда,
Мен үшін көп дос жылап тұрады.
Дұшпанға деген кетер бұл өкпе,
Достардың сөзі жетер жүрекке.
Бір жауым мені жер қылған кезде,
Көп досым мені көтерді көкке.
[Қайырмасы]
Бұлттанып тұрып, күндей күлемін,
Доспен дұшпанға бірдей тілегім.
Бір жауым менің болмаса егер,
Көп досым барын білмейтін едім.
Бұлттанып тұрып, күндей күлемін,
Доспен дұшпанға бірдей тілегім.
Бір жауым менің болмаса егер,
Көп досым барын білмейтін едім.
[Қайырмасы]
Бұлттанып тұрып, күндей күлемін,
Доспен дұшпанға бірдей тілегім.
Бір жауым менің болмаса егер,
Көп досым барын білмейтін едім.
Бұлттанып тұрып, күндей күлемін,
Доспен дұшпанға бірдей тілегім.
Бір жауым менің болмаса егер,
Көп досым барын білмейтін едім.